Әуесқойлығын ермек етіп жүрген шебер

Кезінде Тобыл орта мектебінің қабырғасында Әскери даңқ мұражайы ашылған еді. Бүгінгі айдарымызда аталмыш мұражайдың қорын толықтыруға үлесін қосып жүрген Валерий Базановтың шеберлігі жайлы әңгіме қозғамақпыз.

Сонау 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыс кімдердің басына қайғы әкелмеді? Кімдерді жылатпады? Отан қорғау жолында қаза болған боздақтардың ұрпақтарға бейбіт күн сыйлаған ерліктері мен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Отты жылдардағы майданда болғандардың батырлығын дәріптейтін, Ұлы Отан соғысынан көптеген деректер беретін Әскери даңқ мұражайының ұйымдастырылғанына он екі жыл болыпты.



Шағын ғана мұражай жауынгер-интернационалисттердің және жерлес қаһармандарымыздың, тобылдық соғыс ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің фотосуреттері мен олар жайлы қысқаша ақпаратқа, сонымен қатар олардың әлі күнге дейін сақталған майданнан жазған хаттарына толы. Мектептің қарапайым жұмысшысы Валерий Базанов та биыл мұражайдың қорын толықтыруға кірісіпті.



«Қолы алтын» Валерийдің ағаш пен металдан жасаған Мосин мылтығы, Шпагин пистолет-пулеметі мен ТТ пистолеті көз қуантады. Бала кезінен ағаштан, қағаздан, қатырмадан ұшақ, танк, машина жасауға әуес жігіт осыдан бір жарым ай бұрын мұражай мұрағатын толықтыруға өзі ниет білдірген екен. Түрлі қару-жарақтарды жасауда ол пышақ, егеу, жоңғы пайдаланатын көрінеді. Валерий Валерьевич Мосин мылтығы мен Шпагин пистолет-пулеметін бір айда, ал ТТ пистолетін екі күнде жасап шығыпты. Бос уақытында ұнататын әуесқойлығымен айналысып, небір затты креативпен, ерекше қылып жасауға тырысатыны байқалып-ақ тұр. Әріптестерінің айтуынша, шебер Валерий ағашты өңдеумен қатар, әдемі суреттер де салады екен.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика