Мархабат Нокишев: «Сахнаны қатты сағынамын»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/21/nakishev-marhabat.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/21/nakishev-marhabat.jpg'

nakishev-marhabat.jpgЕлбасы Жарлығымен 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітілді. Осы орайда, ауданымыздың мәдениет саласында ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді атсалысып, өзінің әртістік шеберлігін танытып жүрген Мархабат Нокишев жайлы әңгіме қозғамақпыз.

Амангелді ауданы Байғабыл деген елді-мекеннің тумасы Мархабат осыдан бірнеше жыл бұрын ауданымызға қонаққа келіп, біздің өңірімізді ұнатып қалыпты. Сөйтіп, 2010 жылдың қыркүйек айында Таран жеріне қоныстанады. Ал, 2011 жылы ару келіншекке үйленіп, ұлды және қызды болады. Бүгінде «Дарын» мектеп-интернатында жұмыс істеп жүр. Бос уақытын өнер жолын қуған азаматтарымызбен бірге жаңа сахналық образдарды таңдауға арнап, мүмкіндігінше дайындық үстінде жүреді екен.

«Мен мектеп кезінен-ақ әртүрлі кештер ұйымдастыруға бейім едім. Әсіресе, Жаңа жыл, 8 наурыз мерекелерін ерекше өткізуге тырысатынбыз. Содан 11-сыныпта оқып жүргенде сыныптағы он бір ұлдың барлығын қыз қылып шығарып, «Қыз сыны» байқауын өткізгенім әлі есімде. Торғай агротехникалық колледжінде оқып жүргенімде «Торғай толқындары» КВН командасын құрдым. Осында келгенімде халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ерболат, Мамай, Медетпен ақылдасып, қыз-келіншектерімізге, аналарымызға әзілге толы арнайы «Тамаша» ұйымдастыруды ұйғардық. Таранның киелі сахнасына сол «Тамашаны» қойғанда шыққан болатынмын. Бағдарлама бойынша барлығы алты нөмір болды. Соның төртеуінде әйелдің, біреуінде әженің рөлін ойнап шықтым. Оң жамбасыма келетін рөл - әйел адамының образын сомдау. Мен тұйық, ауыр мінезді кісілердің, қатаң бастықтардың рөлдерін ойнай алмаймын. Маңайымда жүргендер маған «саған қабақ түю жараспайды» дейді», - деген ойымен бөліскен басты кейіпкеріміз Мархабаттың сахна төріне шығып жүргеніне біраз болыпты.

Әртістік шеберлікті өз бетінше меңгерген Мархабат бала кезінде «Қыз Жібек» көркем фильміндегі Бегежан рөлін сомдаған Асанәлі Әшімовке қызығыпты. «Образды жасауда біз киіммен ғана шектелеміз. Сіздің ойыңызша, небір кейіпкердің образын ашуда грим қаншалықты маңызды?» деген сауалымызға: «Шынайы бейнені көрсету үшін әртіске грим керек. Мен ұзақ уақыт бойы халықтың алдына шықпасам, сахнаны қатты сағынамын», - дейді Мархабат Берікұлы.

Қай образды сомдаса да, халықтың көңілінен шығып жүрген ағамыз кәсіби әртістік білім алмаса да, жұрттың алғысына бөленіп жүр десек артық айтпаспыз. Оның алдағы уақытта да өнер сүйер көрермендерді көптеген жоғары бағаланатын қойылымдарымен қуантады деген сенімдеміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика