Өз ісін жетік меңгерген маман

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/21/e4k-persona-tobol.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/21/e4k-persona-tobol.jpg'

e4k-persona-tobol.jpgМамандық таңдау - деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Тобылдық Қанат Мирманов әкесі мен ағасы секілді теміржол саласын таңдап, ұжымындағы өз ісін жетік меңгерген азаматтардың бірі болып танылуда.

Бала кезінде алысқа қатынайтын жүргізуші болуды армандаған Қанат қазіргі таңда электромонтаждаушы қызметін атқаруда. Аталмыш салаға алғаш рет 16 жасында келген екен. Бірақ, белгілі бір себептермен басқа мекемелерде еңбек етеді. Ал, 2004 жылы теміржолда жұмыс істеп жүрген досы бірге қызмет істеуге ұсыныс жасайды. Сөйтіп, Қанат ЭЧ бөлімшесіне жұмысқа орналасып, Павлодар қаласында үш айлық курстан өтеді. Бұрыннан-ақ техникалардың түр-түрін жөндеуге бейім болған Қанатқа электромонтаждаушы мамандығының қыр-сырын меңгеру қиынға соқпайды.

Қанат Мирмановтың айтуынша, электромонтаждау мамандығының иесі болу үлкен жауапкершілікті, әрі ұқыптылықты талап етеді. Себебі, станциялардың бірінде жарықтандыруда ақаулар болса, күндіз де, түнде де бригада 20 минут ішінде жиналуы тиіс. Қанат Ақжігітұлы қандай да бір ақауларды жөндеуде әрдайым аса қауіпті болу да өте маңызды екендігін алға тартады. Сол себепті, электр желісімен тікелей жұмыс істейтін Қанат Артем мен Темірлан ұлдарының басқа мамандықты таңдағанын қалайды. Қарапайым да, ақкөңіл мінезімен ерекшеленетін Қанат Мирмановтың осылайша теміржол саласындағы кәсіби мамандардың бірі болып жүре беруіне тілектеспіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика