Асыл арманына қол жеткізген Қарлығаш

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/25/asil-armaminda-kol-getkizgen.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/25/asil-armaminda-kol-getkizgen.jpg'

asil-armaminda-kol-getkizgen.jpgЕлбасы қаулысымен кәсіби мереке ретінде бекітілген полиция қызметкерлерінің күні төл мереке иелеріне құрмет көрсету мақсатында елімізде жыл сайын 23 маусымда аталып өтеді. Күйбің тіршіліктің қиын-қыстау кезеңінде демеу болып, тұрғындардың қасынан табылатын полиция лейтенанты Қарлығаш Демченко жайлы сөз қозғамақпыз.
Күнделікті атқаратын жұмыстарының қиындығына қарамастан, аталмыш саланы таңдаған әйел баласының табандылығы, төзімділігі, қырағылығы, қарапайымдылығы, өз істеріне деген сүйіспеншілігі кімді де болса қайран қалдыратыны анық. Қарлығаш та бала кезінде қоғамдағы тәртіпті күзетіп, полиция қызметкерінің бейнесіне қайран қалып, олардың қатарына қосылуды армандаған екен. «Мен Қамысты ауданында тудым. Мектепті бітіргеннен кейін Лисаков қаласындағы колледжге оқуға түстім. Заңгер мамандығының иесі атанып, Виктормен жеке шаңырағымды құрдым. Белинский елді-мекенінде жар және ана атанып, дүниеге Сергей, Александр, Назар есімді ұлдарымды әкелдім. Бірнеше жыл ауылдық әкімдікте қызмет атқардым. Бір күні газетте жарияланған ішкі істер органдарында бос орын бар екендігі жайлы ақпаратқа көзім түсіп кетті. Тәртіп сақшысы болуды бала кезімнен-ақ армандаған соң, бағымды сынамақшы болдым. Сөйтіп, үміткер ретінде дене шынықтыру дайындығы мен спорттың бірнеше түрінен, сұхбаттасу, тест сынағы сынды сындардан өтіп, нәтижесінде полиция қатарын толықтыруға мүмкіндік алдым. Жергілікті ішкі істер бөлімінде тағылымдамадан және Павлодар қаласындағы оқу орталығында арнайы курстан өттім. Қараша айында кәмелеттік жасқа толмағандардың ісімен айналысатын  учаскелік инспектор лауазымына тағайындалдым. Алғашқы сәттерден-ақ бағыт-бағдар берген, бар білгенін үйреткен Бауыржан Аманбаевқа, Қайрат Оразбаевқа және әріптестеріме ризашылығымды білдіремін», - дейді Қарлығаш Ерназарқызы.
Алған бетінен қайтпайтын бас кейіпкерімізге кәмелеттік жасқа толмағандармен тез тіл табыса алатын сыпайылықты сақтау қиынға соқпайтын көрінеді. Себебі, әйел адам жаратылысына қарай әрі ұстаз, әрі ата-ана, әрі психолог қызметін қатар алып жүре алады. Оның пікірінше, учаскелік инспектордың жасөспірімдермен дұрыс әңгіме құруы олардың санасына пайдалы әсер тигізеді. Қарлығаш халық тыныштығын күзететін полиция қызметкері болғанына өте қуанышты. Оның әріптестерінің мәлімдеуінше, түр-тұлғасы сымбатты да, келбеті келісті, нәзік те, қайсар Қарлығаш Демченко күндіз-түні тынбай жұмыс атқарудан ешқашан жалықпайды. Бір емес, он жылдан артық уақыт өтсе де, табандылығы мен мінезінің тұрақтылығының арқасында асыл арманына қол жеткізген Қарлығашты кәсіби мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сізді биік белестерден көре берейік, игілікті ісіңізге абырой мен табыс тілейміз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика