Үйде де, қызметте де біргеміз

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/25/semia-gosslugashih-sagitovy.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/25/semia-gosslugashih-sagitovy.jpg'

semia-gosslugashih-sagitovy.jpgҚР Республикасының Жарлығымен 23 маусым мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесімен толыққан болатын. Аталып өтілетін бұл мереке мемлекеттік қызметкерлердің мерейін өсіріп, қызметіне деген жауапкершілігін одан әрі арттыра түсті. Осыған орай, «мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет» деген қағиданы ұстанып қана қоймай, он жылға жуық мемлекеттік құрылымда еңбек етіп жүрген отбасымен жүздестім.


Үй иелерінің есік алдынан күлімсіреп қарсы алғанынан қонақжайлықтарын бірден байқадым. «Ауданымызда екеуіңізді де қоғам мен мемлекет арасындағы үлкен байланысты атқарып, жүргізетін білікті де, білімқұмар мемлекеттік қызметкерлер деп есептейді. Халық айтса, қалт айтпайды. Көпшілік өзіңізді нұсқаған соң, көптен сіздің шаңырағыңызға ат басын бұра алмай жүр едім, бүгін дәм-тұз жазғандай», - дедім мақсатымды жасырмай. Сөйтіп, дастарқан басында терең әңгімеге кірісіп кеттік.
Отағасы Азамат Сагитов жалынды жастығының сыр сандығын ашып, әңгімені Гаухармен таныстығынан бастап кетті. «Мен Науырзым ауданында дүниеге келдім. Облыс орталығындағы жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң, маған Таран ауданына қызмет істеуге ұсыныс жасалды. Содан 2006 жылы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеп жүрдім. Әлі есімде... Қараша айы. Досыммен бірге мәдениет үйіне «Көшпенділер» фильмін көруге бардық. Осылайша, қасымда отырған Гаухармен таныстым. Оған дейін Гаухарды сырттан көріп жүретінмін. Бірақ, онымен танысып, тілдесу мүмкіндігі тумаған еді. Бір жылдан кейін екеуміз отау құрып, шаңырақ көтердік. Құдайға шүкір, содан бері біргеміз», - дейді Азамат Бақытжанұлы. Ең қызығы, ол сегізінші сыныпта оқып жүргенде, оның отбасы Әулиекөлге қоныс аударады. Азамат пен Гаухар бір мектепте және қатарлас сыныпта білім алған екен. Оған қоса, мектепті бітірген соң, екеуі де бір жоғарғы оқу орнына түсіпті. Алайда, тағдыр оларды бір-бірімен жолықтырмапты. Мұның бәрін ауданымызға келіп, бір-бірімен танысқан кезде ғана біліпті. Таңғаларлық та, қызығарлық жағдай деген осы емес пе?
«Отбасындағы шаңырақтың беріктігі неге байланысты?» деген сұрағымызға Гаухар Шұңғырбаева: «Негізі бақытты отбасын құру екі-ақ адамның қолынан келеді.Ол үшін бұл екі тұлғаның болмысы бірігіп, бүтін болуы керек. Біз отбасылық өмірді мемлекеттің негізі деп қарап, ағайын-туғанға қайырымды, бауырмал болуға тырысамыз. Екеуміздің мемлекеттік қызметте жұмыс істейтініміз тағы бар. Сондықтан, жұмысқа қатысты небір сұрақтар туындаса, көп жағдайда бір-бірімізбен ақылдасып, кеңесеміз. Үйде де, қызметте де біргеміз», - деген ойымен бөлісті.
Бүгінде Азамат Бақытжанұлы жұмыспен қамту бөлімінің директоры қызметін атқарса, Гаухар Теміржанқызы әкім аппаратының заң бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. Басты кейіпкерлеріміз жас болса да, еңбектерінің арқасында өз ісін жетік меңгерген, алдына мақсат қоя білетін мамандардың бірі болып саналады. Сіздерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған көңіл-күй тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болғай!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика