Еңбегімен елге сыйлы Мәншүк Каракаева

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/25/manshuk-karakaeva.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/25/manshuk-karakaeva.jpg'

manshuk-karakaeva.jpgМаусым айының үшінші жексенбісінде елімізде Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл салада көп жылдар қызмет жасап, табысты еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі Евгенов ауылындағы медициналық пунктінің медбикесі Мәншүк Каракаева. 

Мәншүк Қазбекқызы Қамысты ауданында қарапайым еңбек адамдарының отбасында дүниеге келген. Бас кейіпкеріміздің марқұм әкесі қызының адам жанының арашашысы болуын армандайтын. Мектеп бітірген бойжеткен тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бірнеше жылдан кейін Мәншүк Каракаева  таудай талабымен медициналық училищеге оқуға түсіп, екі жылдай арнайы білім алады. Оқуын ойдағыдай тәмамдаған жалынды жас маман Қамысты ауданы, Горький совхозында медбикелік қызметке орналасып, еңбекке араласады. Әлі күнге дейін алғашқы жылдары осы саланы барынша меңгеруге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар берген кәсіби дәрігер Қуаныш Ақбаевқа алғысы шексіз.
Қызметінде жемісті еңбек етіп, адамгершілігі мол азаматша болып қалыптасқан Мәншүк Қазбекқызы Қамыстыда тұрмысқа шығады.1990-шы жылдары көршілес Ресей еліне қоныс аударады. Сол жақта арнайы мамандандырудан өтіп, физиомедбике болып жұмыс істеп жүреді. Бір жылдан кейін Евгенов ауылына көшіп келеді. Міне, осы уақытқа дейін Мәншүк апамыз ауылдық медициналық пунктінде және мектеп қабырғасында медбике болып қызмет атқарады. Қазірде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп жеткізген бұл кісі ауыл-аймағына сыйлы жандардың бірі болып табылады. Отыз жылдан астам қызметін бар ынтасымен атқарып, тұрғындар денсаулығының сақшысы атанып жүрген ақ халатты абзал жан: «Қызығы мен қиындығы мол мамандығым өзіме ұнайды, талай жақсы адамдармен әріптес атанып, жұмыстас болдым. Аталмыш салада кез-келген адам жұмыс істей алмайды. Ең бастысы, өз ісіңді жақсы көріп қана қоймай, төзімшіл болу керек. Еңбек жолында әртүрлі қызықтар да, қиындықтар да кездесті. Қызметте жүрген әр минут, әр сағат, әр күндер мен үшін өте сәтті де, бақытты өтуде десем артық емес», - дейді.
Адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін жандардың бірі Мәншүк Қазбекқызының өміріне тек қана жақсылық, шуақты күндер мен қуанышты сәттер тілейміз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика