Мамандығын теміржолмен байланыстырған

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/31/mamandagun-temirgolmen-bailanystyrgan.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/31/mamandagun-temirgolmen-bailanystyrgan.jpg'

mamandagun-temirgolmen-bailanystyrgan.jpgТеміржолшы – күрделі кәсіп. Ол өз кәсібін ғана емес, бүкіл теміржолдың қыр-сырын жетік білуі тиіс. Біздің кейіпкеріміз өзіне артылған міндетті жоғары дәрежеде атқарудан танған емес. Өйткені, оның бойындағы басты қасиеттер қайраттылық, салмақтылық пен төзімділік болып табылады.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал әсте еңбекке жең түріп кірісетін осындай жандар жайында айтылған болу керек. Бүгінгі біздің әңгімеміздің арқауы болған адам да солардың қатарында. Теміржолшылар отбасында өскен 17 жасар бозбала Бауыржан Беремжанов 1984 жылы жол монтері боп жұмысқа кірген. Ең қызығы, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүние есігін ашқан жас теміржолшының әжесі теміржолда жол монтері, атасы жол шебері болып жұмыс істесе, әкесі бригадир, ал анасы тауар кассирі қызметін атқарған екен. Бала кезінен теміржолдан жүз метр жерде өсіп-өнген ағайдың нағашыларының басым бөлігінің өмірі шойын жолмен байланысты болған көрінеді.
«Мен бригадир, жол монтері қызметінде істеп жүріп, сигнализация және байланыс дистанциясына ауыстым. 2003 жылы Тобылға дистанциясына жұмысқа орналастым. Бүгінде блокадалау, орталықтандыру қызметінде электромеханик болып істеймін. Күн сайын таңғы 8.45-те жиналып, бір күндік еңбек жоспарын құрамыз. Сағат 9.00-де жұмысқа кірісіп, график бойынша желілер мен қораптарды, трансформаторлар мен рельсті тізбекті тексеріп,бұрандамалар мен жалғаулар істен шықса, ақауларды жөндейміз. Мен әке жолын қудым десем де болады», - дейді Бауыржан Шамуғұлұлы.
Басты кейіпкеріміздің мәлімдеуінше, ол схемаларды оқып, небір қиын ақауларды жөндеуді ұнатады. Бауыржан кішкентайынан радиотехникаға қызығушылық танытқан көрінеді. Ол нағыз маман өз ісін жетік меңгеріп, кез-келген күтпеген жағдайды дұрыс бағалай білуі керек деп есептейді. Бауыржан Беремжановтың Бахтияр және Данияр есімді ұлдары да, келіні де теміржолда еңбек етеді екен. Ал, жан жары мүлдем басқа салада істесе, қызы колледжде білім алуда.
Адамды танытатын іскерлігі, білімі, парасаттылығы ғой. Жауапты жұмысты, артылған сенімді жүз пайыз орындауға тырысатын Бауыржан Беремжанов замандастарына үлгі болып қала береді деген сенімдеміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика