Мұрат пен Гаухар 20 жыл бірге

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/34/byzdyn-shanyrak-asanovy.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/34/byzdyn-shanyrak-asanovy.jpg'

byzdyn-shanyrak-asanovy.jpgСуретте – жарасымды жанұясы, Асановтар әулетінің қарашаңырағы. Міне, осыдан тура жиырма жыл бұрын отау тіккен Мұрат пен Гаухар бүгінде баршаға үлгілі, әрі өнегелі отбасылардың бірі болып табылады десек артық айтпаспыз.

Былай қарап отырсақ, жиырма жыл бір саналы ғұмырға балауға тұрарлық уақыт. Жиырма жыл да әжептәуір мерзім. «Мен Арқалық педагогикалық институтын тәмамдап, Торғай өңірінде маман ретінде шыңдала бастадым. Әлі есімде... Бір күні жұмыстан шығып, үй жаққа бет бұрған едім. Көрікті де, сыпайы жас жігіт танысуға ниет білдірді. Сөйтіп, әлгі таныстығымыз достық қарым-қатынасқа ұласты. Міне, осылайша тағдырдың жазуымен Мұрат есімді жігітпен отбасы құрдық. Меніңше, қос жүректің одағы болып есептелетін әрбір жанұяда сүйіспеншілік пен түсіністік қаншалықты мықты болса, қоғамның діңгегі де соншалықты берік болады», - дейді Асановтар шаңырағының ұйытқысы болып табылатын Гаухар. Иә, сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, жұбайлардың шырайы артып, қандай жағдайда болмасын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөліскендіктен, тауқыметтің тәлкегі еш ауыр келмейді. Естеріңізде болса, Торғай өңірі үшін құлдырау кезеңі болған 90-шы жылдардың ортасы тарихқа қара таңба болып енгенде, ол жергілікті тұрғындарға өте ауыр соққы болып тиген еді. Қимастық сезімменен туған өлкесінен өзге елді-мекендерге қоныс аударуға мәжбүр болған жандардың қатары артты. «Тірі адам тірлігін жасайды» демекші, 1997-ші жылы Мұрат пен Гаухар Асановтар да біздің жаққа көшіп келеді.
Бүгінде сол ауыр жылдарды артқа тастаған жарасымды жұп Айдархан және Жасұлан ұлдарының қызығына бөленуде. Гаухар Жақсылыққызымен бала тәрбиесі жайлы әңгіме қозғағанымызда: «Мен ата-әжемнің тәрбиесін көргендіктен шығар,балаларыма барынша қазақы тәрбие беруге тырысамын. Шыны керек, ұлттық тәлім жайында жұмған аузымызды ашпаймыз десек те болады. Қазіргі заманда көбісі балаларының компьютерді меңгергеніне, техника тілін білгеніне мәз. Ал, олардың жүрегіне ұлттық болмыстың, қазақы тәрбиенің дәнін еге алдық па? Айтайын дегенім, біліммен қатар, қазақы тәрбиені де ұмытпаған дұрыс-ау... Өз басым, ұлдарыма «әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – сендердің міндеттерің» деп айтып отырамын», - деген ойымен бөлісті.
Он жылдан артық кітапхана саласында еңбек етіп жүрген Гаухар апай өнерге жақын дарынды жерлестеріміздің бірі болып табылады. Өнер сүйер қауым бұл кісінің дауысын қазақ эстрадасының жұлдызы Қарақат Әбілдинаға теңеп, «біздің Қарақат» деп еркелетіп жүреді. Мектеп кезінен қоғамдық жұмыстарға қатысуды ұнататын Гаухар Асанованың тұңғыш ұлы да ән айтпаса да, Рудныйлық көңілділер мен тапқырлар клубында өзінің әртістік қабілеттерін шыңдауда. «Мен ешқашан Гаухарға өнер жолында шектеу қойып, қолын қаққан емеспін. Қайта тойларға барғанда «өлең айтсай» деп түртіп отырамын (жымиып)»,- дейді сөзуар емес, бірақ салмақты да, сабырлы мінезді Мұрат Асанов.
1995 жылдың 19 тамызында шаңырақ көтерген Гаухар мен Мұрат Асановтарды шын жүректен осынау айтулы отбасылық мерейтоймен құттықтаймыз! Көңіл болса, ән де болады. Келісім болса, нан да табылады. Өмірлеріңіз бақытты, әнді болсын, ақ махаббаттарыңыз баянды, мәнді болсын демекпіз. Алла тағала немере-шөбере көруді жазсын!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика