«Менің әрбір жеңісім ата-анама арналады»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/37/balzina.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/37/balzina.jpg'

balzina.jpgМемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру және көркем әдебиетті насихаттауды жаңғырту мен талантты жастарды табу мақсатында Қостанай қаласында қыркүйекте Оралхан Бөкей атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Осы орайда, ауданымыздың намысын қорғаған №1 орта мектептің 11-сынып оқушысы Балзина Атымтаеваның жеңіспен оралғанын көпшілікке хабарламақпыз.

Байқаудың көздеген нысанасы есімі елімізге кеңінен таныс, Алтайдың талантты тумасы Оралхан Бөкей туындыларын жаңғыртып, халық арасынан дарынды, қабілетті жастарды тауып, көркемсөз оқу өнерінде жаңа есімдер туғызу еді. Сайысқа туған тіліміздің мәртебесін асыруға облыс қалалары мен аудандарынан сайдың тасындай іріктелген 15 талапкер бабы мен бағын таласқа салды. Облыстық «Достық үйінің» сахнасында үміткерлер Оралхан Бөкейдің прозалық, драмалық және поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу сынды үш кезең бойынша өнер көрсетті.
«Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде қазылар алқасы көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына және мәтінді таңдау талғамына баса назар аударды. Балзина Атымтаеваның бойынан өз тілі десе өзегі бауырқанатын сүйіспеншілік бірден байқалып, көркемсөзді келістіре оқуда дауыс екпінінен жаңылмай, таңдаған шығармаларын көрермен жүрегіне әдемі, әрі әсерлі жеткізе білді. Байқау қорытындысы бойынша Балзина I орынды иеленіп, мадақтама мен заманауи планшетті қанжығасына байлады», - дейді аталмыш байқаудың куәгері болған тілдерді оқыту орталығының директоры Ақтолқын Кафизова.
Осынау айтулы байқаудың жеңімпазы атанған Балзинаның айтуынша, қатысушылардың аса жауапкершілікпен дайындалып келгендігі көзге көрініп-ақ тұрды. «Мен қапыда үзілген қысқа ғұмырында қазақ әдебиетінің классикалық үлгілерінің қатарына небір тамаша туындылар қалдырып үлгерген жазушы Оралхан Бөкейдің «Жетім қыздың монологы», «Апамның астауы», «Туған жер» туындыларын оқыдым. Шынымды айтсам, анасын күтумен болған жетім қыздың сезімі мен анасынан айырылған баланың қайғысын жеткізе отырып, көзге жас алмау мүмкін емес. Бірінші орынды иеленгенімде бірден сайысқа дайындалғанымда да, аттанарда да өзіммен бірге қобалжыған, әрі ақ батасын беріп,тілеуімді тілеген анама хабарласып, қуанышыммен, жетістігіммен бөлістім. Менің әрбір жеңісім ата-анама арналады», - деген ойын ортаға салған 16 жасар Балзина (суреттегі сол жақтағы бойжеткен) ауданның қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген жастардың бірі болып табылатынын айтпасқа болмас. Бірнеше мәрте түрлі сайыстардың жеңімпазы атанған оқушы қыз жергілікті театрда өзінің әртістік шеберлігін шыңдауда. Оған қоса, өзіндік ерекшелігі бар, өнерге жақын басты кейіпкеріміз жүргізушілік қабілетімен көзге түсіп жүр. «Армансыз адам болмайды» демекші, Балзина келешекте елге сыйлы журналист, тележүргізуші болуды армандайды. Алла жазса, еңбекқорлығы мен талабының арқасында асқақ арманына қол жеткізер деген үміттеміз.
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің алдағы уақытта өтетін республикалық сайысында облысымыздың намысын қорғайтын Балзинаға шығармашылық табыс пен сәттілік тілей отырып, болашақта биік белестерден көріне беруіне шын жүректен тілектеспіз. Осындай жыр сүйер халқы мен ақынжанды ұрпағы аман тұрғанда еліміздің әйгілі тумаларына өлім жоқ. Жас жүректерден ақтарылған жырлар осының айғағы десек те болар.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика