Өз ісіне адал Жұмабай Қонқас

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/43/43-2015-62.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/43/43-2015-62.jpg'

43-2015-62.jpgХалықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асып, мүддесін қорғайтын полиция қызметкерлерінің көтерген жүгі ауыр. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығының айтуынша, полиция майоры Жұмабай Қонқас осы міндетін адал атқарып келеді.

Жангелді ауданының тумасы Жұмабай Серікұлы 90-шы жылдары Арқалық педагогикалық институтының физика және математика факультетін тәмамдап, еңбек жолын Әулиекөл өңірінде бастады. Ал, 2003 жылы жергілікті АІІб-нен ұсыныс түскенде ол учаскелік инспектор қызметіне ауысуға шешім қабылдайды. Өз ісіне адал, ұқыптылық таныта білген инспектордың еңбегі еленіп, Жұбамай Қонқас криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, кейін Арқалық ішкі істер бөлімінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы болып тағайындалады.
Осыдан бес жыл бұрын ауданымызға қоныс аударған басты кейіпкеріміз Набережный ауылдық округінің, Юбилейный ауылының учаскелік инспекторы жұмысын атқарып, ел тыныштығын, қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлердің қатарынан көріне білді. Сөйтіп, былтыр әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы қызметіне кірісті. «Полиция қызметкерлері халықпен қоян-қолтық жұмыс істейтіндіктен, олар тұрғындардың сенімді тірегі болуы үшін, ең алдымен тұрғындармен тіл табыса білуі керек деп есептеймін. Оған қоса, осы салада еңбек ететін адамның бойында патриоттық сезім болуы қажет. Сол себепті жастарға өз-өздерін тауып, туған ел, Отан алдында адал қызмет етулерін тілеймін», - дейді Жұмабай Қонқас.
Өмірін қыр-сыры мол тәртіп сақшысы қызметімен сабақтастырған Жұмабай Серікұлы әкесінің «қызметіңде біреудің ала жібін аттама» деген сөздерін әрдайым жадында ұстайтынын жасырмайды. «Мен полиция қызметкері болғанымды мақтан тұтамын», - деген сөзімен әңгімемізді түйіндеген кейіпкерімізге ар мен адалдықтың символы болып саналатын қызметте табыс тілейміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика