Сүйікті ісін сағынышпен еске алады...

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/47/babuska-kultura.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/47/babuska-kultura.jpg'

babuska-kultura.jpg«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші, бүгінгі айдарымызда өмірін өнермен өрнектеп, 20 жылдық қызметін мәдениет саласына арнаған Рысбике Мырзабаева жайлы сөз қозғамақпыз.

«Өз өмірін сүйікті ісіне арнаған адам – ең бақытты да, бай болып саналады» дейді халық даналығында. Набережный ауылындағы кезінде алдыңғы қатарлы ауылдық клубтардың бірі болған мәдениет ошағына ғасырдың төрттен бір бөлігіне жуық уақытын арнап, оны екінші үйіндей көрген Рысбике Жұмабекқызы сондай жандардың бірі. Әңгіме барысында оның әлі күнге дейін бар күш-жігерін аямай, аянбай қызмет істеген сол жылдарды сағынатынын аңғардық.
Рысбике апай бұл салаға бірден қадам басқан жоқ. Ол 60-шы жылдары фермада жұмыс істеп жүрді. Сауыншылардың айтуынша, сол кезден-ақ басты кейіпкеріміз ісіне тиянақты, бірбетті, жігерлі, көпшіл қасиеттерімен ерекше көзге түскен. Көркемөнерпаздардың белсенді қатысушыларының қатарында болған, ауыл сахнасында, ауыл еңбеккерлері мен жерлестерінің ортасында талай рет ән шырқап, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болған көрінеді. Сөйтіп, ауылдық клубта жетекшілік ету туралы ұсыныс түскенде, Рысбике Жұмабекқызы көп ойланған жоқ. Өнер адамы үшін үлкен сый-құрмет – ол халықтың сүйіспеншілігі, көңілі. Осындай халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген апайымыздың тұсында түрлі үйірмелер, халқымыздың көне салт-дәстүрлерін дәріптейтін «Кездесу» клубы қарқынды жұмыс істеп, дами бастады. Жарқын жүзді де, ақжүректі Рысбике Мырзабаева қажырлы еңбегі үшін бір емес, бірнеше мәрте марапатталыпты. Осы күнге дейін дипломдары және мадақтамалары төрде ілулі екен. Бүгінгі әңгімемізге арқау болған бұл кісі: «Мен сүйікті ісімнен рухани ғанибет алатынмын. Қаншама жыл зейнетте болсам да, қазірдің өзінде жұмысымды сағынып отырмын. Менің жамағатқа айтарым: айналысатын істеріңізді адал атқарыңыз,оны сүйе біліңіз.Сонда ғана өміріңізбен сабақтасқан қызметіңізден ләззат алатын боласыз», - деген ойымен бөлісті.
Мақаланы жазу барысында есіме еріксіз Шәкәрімнің «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деген ойлы сөзі келді. Иә, шынында да, адамды өнері мен білімі ғана танытады екен. Өмірін өнермен, шығармашылықпен өрнектеген Рысбике Мырзабаеваға осы шағыңызда Тәңірдің шапағаты төгіліп, ғұмырыңыз салтанатты болғай демекшіміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика