«Біздің Гуля» деп еркелетеді оны әріптестері

c_410_290_16777215_00_images_2016_9_9---2016-20.jpgТемiр жол – ел экономикасының өзегi, мемлекетiмiздiң қуатты жүйесi. Және бұл салада игi iстер көп. Тобыл теміржол станциясы еліміздің шаруашылығына, мәдениеті мен қоғамдық өміріне тың серпін беріп келеді. Бір кездері мүлгіп жатқан далаға жан бітірген бұл шойын жол бүгінде экономиканың күре тамыры болып табылады. Ондағы мамандардың еңбегі ұшан-теңіз. Біз бүгін сондай мамандардың бірі Гүлмира Қуанышбаева туралы әңгіме қозғамақпыз.

Әулиекөл ауданының тумасын Тобыл өңіріне қоныс аударуына ұстаздық қызметі себеп болды. Ол алғашқы еңбек жолын Притобол станциясындағы мектепте ұстаздық қызмет етуден бастады. Кейін, яғни 2003 жылы Локомотив сервистік орталығына аудармашы әрі мемелекеттік тілден дәріс беруші болып орналасты. Оның осы салаға қадам басуына бойындағы жастық жалыны мен еңбекқорлығы ықпал еткен еді. Міне, содан бері 13 жыл зулап өте шығыпты. Бүгінде аталмыш мекемеде кадр бөлімінде қызмет атқарады. Ұстаздық мамандығынан теміржол саласының қызметіне ауысқан Гүлмираның қызметі ілгері басып келеді. Оның жұмысы ауқымды еді, яғни, қыруар адаммен анықтама қызметінің толып жатқан іс-қағаздарын үлгірту оңай емес еді. Соның бәріне үлгеретін ауызбірлікті ұжым талай рет тиянақты жұмысына сүйсінетін. Сүйікті ісінің нәтижесі болса керек, әріптестері оны «Біздің Гуля» деп еркелететін.
Гүлмира Қуанышбаева екі мамандықты тәмамдаған. Біріншісі – музыкалық, екіншісі психологиялық мамандық. Қазақтың қара домбырасын да жақсы шертеді. Әріптестері оны «өнер мен психологияны ұштастыра білгені шығар, адаммен тез тілтабыса біледі. Сондай-ақ кез-келген күрделі жұмыстың оң жолын тез табады» дейді.
Иә, мамандықты жаныңмен түсініп атқарсаң, жемісін беретінін еңбекқор жандар дәлелдеп келеді. Ендеше, Гүлмираның еңбегі жемісті болғай!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика