Ортақ мейрамның ерекше сипаты

c_410_290_16777215_00_images_2016_11_family.JPGЖыл бастауын қазақ халқы қашаннан жақсы жоралғымен көмкереді. Игі дәстүрге орай еліміздің әр өңірінде Ұлыстың Ұлы күні ерекше салтанатпен тойланады. Ауа райының суықтығына, тосын сыйларына қарамастан, шуақты мерекенің думанды төріндегі қызықтарды тамашалауға асыққан қостанайлық жұрттың легі толастамайды. Ал, тіршілік атаулы терең тыныс алып, қайта түлеген кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында қалай өтіліп келеді? Бұл жайлы әңгімені Шымкент облысынан арнайы қонаққа келіп, Жаңа жылды біздің ауданымызда қарсы алғалы отырған отбасымен өрбіттік.

Шырайлы Шымқаланың «құрметті тұрғыны» төсбелгісімен марапатталып, ел-жұртына сыйлы азаматтардың бірі болып табылатын Жақсылық Запаров пен жарқын жүзді, парасатты жары Патима Нұрбаева жақында ғана кенже ұлы Мақсат пен қызындай көретін Тәттігүлдің шаңырағына аттерлетіп келді. Нұрға бөлейтін Әз-Наурызды Таран ауданында биыл алғаш рет қарсы алатын бұл кісілердің сөздерінен-ақ салт-дәстүрді ерекше қадір тұтатынын аңғаруға болады десек артық айтпаспыз. «Біздің жақта Наурыз мерекесіне дайындық алдын ала жүргізіледі. Облыс, аудан және ауыл әкімшіліктерінің ұйымдастыруымен нақты іс-шаралар жүзеге асырылады. Орталықтағы Наурыз алаңында ондаған киіз үйлер тігіліп, бұл іске мекемелер мен жеке адамдар да қуана-қуана кіріседі. Өзім жуырда өңіріміздегі туысқандарыма хабарласып едім, олар Наурызға дайындық қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты. Ауылды жерлерде әр көшенің кәрісі де, жасы да ақ дастарқанның басында жиналады. Әзірленген түрлі тағамдар мен наурызкөже мерекенің ажарын аша түседі», - деген отағасының айтуынша, аймақтар әдеттегідей әсем өңге еніп, мереке қуанышын бөлісуші жамағат айқара құшақ ашады.
Наурыздың 22-сі күні Шымкент алаңындағы қаз-қатар тігілген киіз үйлердің іші-сырты мен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздарының шырқаған әндері, күмбірлеген күйлері мерекелік шаттықты шалқыта жөнеледі. Этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар өкілдері, танымал азаматтар, ардагерлер, жалынды жастар бәрі де бір жерден табылып, ортақ қуаныштың мәні мен сәнін асырады. Осылайша, олар киіз үйлердегі дәмнен, наурызкөжеден ауыз тиіп, мерекелік бағдарламаларды тамашалайды. Сонымен қатар, ипподромда ұлттық ат спортынан жарыстар өтеді екен. Әрбір аймақтың командасы тартысқа түседі. Қазақша күрес, арқан тарту секілді жарыстар қызықты өтеді. «Халықтық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз барынша ұлықталып, мереке той-думанға айналады.Бізде Наурыз 16-22 наурыз аралығында мерекеленеді. Әр күннің атауы және өзінің тақырыбы қамтылады. Қалай десек те, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінің, батысы пен шығысының халқы «қыстан аман-есендікте, бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел шықтық» деп шүкіршілік етіп, арайлап жеткен Жаңа жылдан зор үміт күтеді. Ескі жылы Алла тағала қалауымен Назгүл (фотосуретте) есімді немере сүйдік. Ұлыстың Ұлы күні сіздердің де жанұяларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін демекпіз!», - деген Патима апайдың ақ тілегіне біз де тілектеспіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика