Іске мығым білікті маман

Теміржол саласындағы жұмысты елестетсек, қайнаған қара жұмыс, мыңдаған қыр-сыры бар құбылыстар көз алдыңа келеді. Соның бір саласы пойыз бағытын қауіпсіз электр қуатымен жабдықтау. Біздің айтпағымыз Қостанай электрмен жабдықтау дистанциясы Тобыл станциясын электрмен жабдықтау ауданы туралы. Бұл саладағы мамандық аса қырағылықты, ептілікті қажет етеді. Осынау күрделі істің жүгін арқалап, жоқтан бар жасап жүрген еңбеккерлердің орны ерекше.

Ондағы құрыш қолды, асқақ рухты, қайсар жандардың бірі де бірегейі Тоқжан Тасмағамбетов. Ол станцияны электрмен жабдықтау саласында 14 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып келеді. Аз ғана уақытта біраз белестерді бағындырып, асулардан асып өтті. Бүгінде Тобыл станциясын электрмен жабдықтау ауданында аға механик қызметін атқарады. Яғни аталмыш мекеменің басшысының орынбасары іспеттес. Басшыдан кейінгі бар жауапкершілік соның мойнында. Ал, тоқпен жұмыс істеу қаншалықты қауіпті болса, ондағы жауапкершілік те соншалықты маңызды.
Тоқжан Жансұлтанұлы ерен еңбегімен, тынымсыз тірлігімен, талмас ізденіспен жетті бұл қызметке. Теміржол бойындағы электр қуаттары және көкпен таласқан бағандардағы жарықтарды жөндеу, осы кісі қызмет атқаратын мекемедегі, 15 жігіттің міндеті. Міндеттің маңыздылығы сол – 25 метрлік бағандарға шығып, жарықты жөндеу жиі болып тұрады. Бұл оңай емес, десе де, жігіттердің тауы шағылып көрген емес екен.
Тоқжан Тасмағамбетов 1970 жылы Әулиекөл ауданындағы Миялы ауылында дүниеге келді. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, әкесі оны ішкі істер органында жұмыс істегенін қалайды.
- Ондағы туыстарымның бәрі Құшмұрын станциясында жұмыс істейтін. «Ішкі істерде жұмыс істеу оңай емес, біреулер өлтіріп кетеді» деп, болмай мені станцияға электромеханик қылып орналастырды. Сөйтіп, 1991 жылы ойламаған жерден электрик болдым. Құрдастарым әлі күнге дейін «Әкең сенің электрик болатыныңды біліп, «Тоқ-жан» деп атаған ғой» деп күледі. Мен, керісінше, «қарны тоқ жүрсін» деп қойған деп, болмаймын, - дейді, өткенге көз жүгірткен Тоқжан Жансұлтанұлы.
Тоқжан Тасмағамбетов 1993-2005 жылдары аралығында электриктік мамандығына үзіліс жасап, туған ауылдың жағдайын көтеру үшін бір топ азаматтармен бірге жеке шаруашылықпен айналысады. Ойға алған мақсаттары ілгері баспағасын, 2005 жылы өз мамандығына қайта оралады. 2007 жылдан бері Тобыл өңірінде.
Зайыбы Сәуле Лисаков қаласындағы ауруханада қызмет атқарады. Екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Үлкені Талғат биыл орта мектепті тәмамдайды, ал, Аяжан Қостанай қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» оқиды.
Қат-қабат қалтарысы мол мына уақытта асқан жауапкершілікті арқалап, әріптестері үшін «жанын шүберекке түйіп» жүрген Тоқжан Жансұлтанұлының еңбегі елерлік.
Біз де, «еңбегіңіз ел игілігіне жұмсала берсін» деп, тілек бідіріп қайттық.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика