Әке мен бала

c_410_290_16777215_00_images_2016_18_18-2016-17.jpgЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет», - деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі бойында отансүйгіш қасиеті бар азаматтарымыз жайлы ой келеді. Осы орайда, «әкеге қарап, ұл өсер» демекші, бір салада қызмет етіп жүрген отансүйгіш полиция қызметкерлері, Марат Қазиқанұлы мен ұлы Равиль Жұмабаев жайлы сөз қозғамақпыз.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы деп есептейтін Равиль Жұмабаев бүгінде АІІб-нің полиция қызметкерлерінің жас мамандарының бірі болып табылады. «Бір бала бар атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі екендігін жас серінің әке жолын қуғанынан-ақ байқауға болады. Әскердегі азаматтық борышын өтеген, тиісті білім алған Равиль ойланбастан әке жолын қуып, құқық қорғау органдарында жұмыс істеймін деген шешім қабылдайды. Ол әкесінің күн демей, түн демей қиын да, жауапкершілікті талап ететін салада қызмет етіп жүргініне қарамастан, сол сияқты болуды армандайтын. Әке ізін жалғастырар, барша үмітін ақтар азаматқа қалайша тәнтілік танытпассың. Салмақты да, сабырлы, қойған мақсатына жету үшін нық қадам жасай білетін Равиль Жұмабаевты әкесі мақтан тұтады. Иә, соңына ерген тұяғы армандарын жүзеге асырса, ата-анаға одан асқан бақыт кездесер ме?
Равильдің өмірде әкесі, қызметте әріптесі болып табылатын Марат Жұмабаев жергілікті АІІб-нде қарауылшы болып жұмыс істейді. Басшылықтың айтуынша, бұл кісі бір емес, бірнеше рет облыстық департаменттің де, министрліктің де алғыс хатымен марапатталған екен. 1997 жылы құқық қорғау органдарына ауысқан Марат ағай еңбек жолын күзеттен бастаған көрінеді. Ең қызығы, Марат Қазиқанұлының апасы да, туған ағасы да полицияда қызмет жасайды екен. Өзіндік отбасылық династия десек те болар. Өмірде әке мен бала, қызметте әріптес болып табылатын Равиль мен Марат Жұмабаевтар жұмыстан тыс уақытта, яғни үйде жұмыс жайлы әңгіме қозғамағанмен, жас маман небір жағдайда полиция саласында талай жылды артқа тастаған әкесімен ақылдасуды жөн көретінін жасырмайды.
Білім мен біліктілікті, төзім мен қажыр-қайратты қажет ететін саланы таңдаған Жұмабаевтарға таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Отансүйгіш, өз елінің патриоты, әрі жанашырларын Отан қорғаушылар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика