Төгілген жердің жемісін көреміз бе?

Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл Қостанай қаласын гүлмен безендіруге алдыңғы жылдармен салыстырғанда облыстық бюджеттен азырақ қаражат бөлінген екен. Ал, аудан орталығын гүлдермен абаттандыру қалай жүргізіліп жатыр? Шаһарымызды гүлмен көмкеруге мемлекет тарапынан қаражат бөлінді ме?

Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Бахтияр Тюлюбаевтың сөзіне қарағанда, биыл Калинин көшесі гүлзарлармен безендірілсе, орталық алаңда ағаштың бірнеше түрі мен тірі гүлдер, газон шөптері отырғызылған екен. Жазғы кезеңде түрлі-түсті, әдемі гүлдерден құралған «туынды» көздің жауын алатын болады. Ауылдың сәнін келтіретін гүлдердің, ағаштардың күтімі «Грин Сервис» ЖШС-нің мойнында. Еңбекті, тіпті шығармашылықты талап ететін осынау ауқымды жұмысқа былтыр 4 млн. 100 мың теңге, ал биылғы жылы 3 млн. теңге бөлініпті. Бұл елді-мекенімізді көріктендіруге ғана емес, қосымша жұмыс орнының пайда болуына септігін тигізді. Яғни, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күн сайынғы суару, баптау жұмысына үш адам тартылды.
«Біздің даламыз түрлі өсімдіктерге толы ғой. Қырымызда гүлдердің түр-түрі өседі. Қандай керемет! Далаға құдды бір әдемі кілем жайып тастағандай болады. Ауылымызды гүлдермен ажарландырсақ, өскелең ұрпаққа да үлгі көрсетеміз, өзге жақтан келген қонақтардың алдында да ұялмаймыз. Гүлді немесе өсімдіктерді, газон шөптерін өсіру оңай емес. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы, өсімдік атаулы жас сәбиге қалай күтім жасасақ, сондай күтімді керек етеді. Жаны сұлулыққа құштар үй иелерінің аулаларына қарасаңыз, гүлдердің жарасымдылығы, әсемділігі қандай ғажап әсер қалдырады?!», - дейді ауыл тұрғыны Ермекбай Қарымсақов. Иә, құлпырған гүлдер тек тамаша көрініс қана емес, төгілген жердің жемісі.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика