«Зейнетке шыққан соң айналысқан басты жұмысым – немерелерім!»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/1.JPG'
There was a problem loading image 'images/1.JPG'

1.JPGТөлебай Ерекенұлы – ауданымыздың зиялы азаматы.Бұл кісі олай аталуына толық құқылы.Көп жылдар бойы аудан көлемінде басшылық қызметте болған азамат,бүгінде немерелеріне пана болып жүрген зейнеткер.


«Қарттар күніне» арналған мерекелік санымызға мақала жазбас бұрын, «Зейнеткерлер кеңесіне» қоңырау шалдық. Ол жерде “Ауданымыздың көркеюіне үлестерін қосып жүрген зейнеткерлер көп-ақ. Дегенмен, біреуін ерекше атап өткен жөн болар” деген сөздерді естідік. Сөйтіп, сәті түсіп, Төлебай ағамыз бізді қонақ етіп, бұрынғы еңбек жолы мен қазіргі зейнеткерлік тұрмысымен таныстырды.
Газетіміздің алдыңғы санында жас кәсіпкерлер ерлі-зайыпты Нұрахметовтар отбасымен сұхбат жариялаған болатынбыз.Төлеген – Төлебай ағамыздың кіші ұлы, Әлия – келіні.Бұл отбасы мүшелерінің адамды бірден баурап алатын қасиеттері бар. Ол – қарапайымдылық. Әңгіме барысында ағамыздың туған жерге деген ыстық сезімін байқамау мүмкін емес.
Көп жылдар бойы Төлебай Ерекенұлы мемлекеттік қызмет атқарған. Көрген кісілердің айтуынша, сол қиын-қыстау заманда ауданымыздың аяққа тұрып, бүгінгі күндей өмір сүруге жағдай жасаған кісілердің бірегейі. Дегенмен, қызмет бабымен орындалған игі істер жайлы ағамыз көп айтып, оны жетістік деп санауды жөн көрмейді. Жасаған жұмысын – сол кездегі алдында тұрған борышы деп біледі. «Ол кездегі тұрмыс бүгіндегіден әлдеқайда өзгеше болды.Заман қиын болды.Қызметте жүргенде басшылармен келіспеушіліктер туындаған жағдайлар болғаны да жасырын емес. Дегенмен, өткенге еш өкініш, наз жоқ. Өйткені, біз болашақ үшін жұмыс жасадық деп білемін,»- дейді ағамыз.
Қызметте жүргенде ауданымыздың қазірге дейін сақталып, қолданыста жүрген біраз ғимараттардың тұрғызылуына септігін тигізген кісі. Қолма-қол ақша жоқ заманда адамдарды керек- жарақпен қамтамасыз етіп, жағдай жасауға барынша тырысқан басшылардың бірі.
Отбасы – шағын мемлекет демекші, зейнетке шыққаннан соң да ағамызға маңызды «мемлекеттік» іс тапсырылды. Бүгінде сегіз немересі бар Төлебай ағамыз бар уақытын кішкентайлардың тәрбиесімен айналысуға арнайды. Кішісі – Адия. Атасының туған күніне тұспа-тұс күні дүниеге келген бұл бүлдіршін, немерелердің ең кенжесі, үйдің еркесі, атасының тірегі.
Қарттар күні – сөзсіз, бұл мереке ата-әжелері барлардың назарынан тыс қалмайды. Қариясы бар ел – ешқашан азбайды. Арамызда қалған аз ғана ақсақалдар мен ақжаулықтарымызға тек бұл күні ғана емес,әруақытта қамқор болайық, сүйіспеншілік танытайық.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика