«Сыйластық бар жерде, махаббат та, береке - ырыс та болады»

Газетіміздің әр санында сіздерді ауданымызда тұратын үлгілі отбасылармен таныстыру дәстүрге айналып барады. Бұл – біздің өңірде өнегелі жанұялардың көпптігінің бірден - бір дәлелі. Бүгінгі біздің кейіпкерлер – Ассенкритов ауылында тұратын Ильясовтар отбасы. Бұл отбасының құрылғанына биыл 40 жыл толды.


Ерлі-зайыпты Ильясовтар 1998 жылы Таран жеріне Амангелді ауданының, «Қазақстанға 40 жыл» ауылынан көшіп келді. Он екі жылдан аса уақыт Ассенкритов ауылында тұрады. Зейнетке шыққанға дейін Айтуар ағамыз- механизатор, Сабира апамыз – құрылысшы кооперативінде еңбек еткен. Отбасы ұйытқысы Сабира апай- бес баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Бүгінде ұлдарын ұяға,қыздарын қияға қондырған кейіпкерлеріміз немерелерін тәрбиелеуде. Тұңғыштары Әлихан Айтуарұлы - 39 жаста. Жұбайы Сәуле екеуі шәкірт тәрбиелеп жүрген жайлары бар. Қыздардың үлкені – Сәуле Ильясова. Аудан орталығындағы №1 қазақ орта мектебінде директордың оқу ісі бойынша орынбасары міндетін атқарады,ұстаздық етеді.Ортаншы қыздары Жазира да мұғалім. Қостанай қаласының №9 орта мектебінде тарих пәнінен сабақ береді. Үш бала тәрбиелеп отырған жас ана.Кенжелері Батырхан мен Дина Ильясовтар аудандықтарға түрлі мерекелік іс-шаралардан жақсы таныс. «Бұл екі бала – «өнер» десе ішкен астарын жерге қояды ,» - дейді Сабира апамыз.Дина музыкалық академия түлегі. Осыдан бірер жыл бұрын «Маяк» газет редакциясында еңбек еткен. Батырхан болса, техникалық мамандық иесі. Рудный институтын инженер – технолог мамандығы бойынша оқыған. Кенжелерінің екеуі де Елордада тұрады.
«Бүгінгі күнімізге шүкір дейміз. Тұрмысымыз жақсы,керектің барлығы бар. Ауыл әкімшілігі де көмектен аянбайды. Қазақ-орыс демей, бір үйдің адамындай сыйластықта ұйымшыл тұрамыз. Бүгінде, апаң екеуміз зейнеттегі адамдармыз. Зейнетке шыққан соң, балалар жұмыс істетпеді. Қазір бар жұмысымыз – немерелерімізді тәрбиелеу. Тоғыз немерінің ішіндегі тұңғышымыз –Азамат Әлиханұлы.Ержетіп, бүгінде студент боп жүрген жайы бар. Осылардың жақсы адам болып өсулеріне кішкене болса да септігіміз тисе – біз үшін асқан бақыт жоқ деп білеміз,» - дейді Айтуар аға.
Ильясовтар жанұясы үшін биылғы жыл ерекше. Қазан айының оны күні Айтуар ағамыз бен Сабира апамыздың отасып, баянды ғұмыр кешіп жатқандарына 40 жыл болды. Бүгінде ардақты ана, аяулы әже, сүйікті жар болып отырған Сабира апамыздан баянды отбасы болудың сырын сұрап едік...
«Отбасының баянды болуы әйел адамына көп байланысты. Ер кісі бас болғанымен, әйел сол басты бұрып тұратын мойын екенін ұмытпау керек. Ең алдымен, сыйластық қажет.Сыйластық бар жерде, махаббат та, береке-ырыс та болады. Шыдамдылық пен сабыр жайлы да ұмытпаған абзал,” –деп аяқтады сөзін отбасы ұйытқысы ақжаулықты Сабира апамыз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика