Ұсыныс бізден – қаржыландыру сізден!

c_410_290_16777215_00_images_2016_43_43-2016-18.jpg«Несібе» Қоғамдық Қоры мен Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен Әлеуметтік маңызды идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне жерлестеріміз жобаларын ұсынып,жеңіспен оралды. Жас маман Жәнібек Нағызханның жетекшілігімен ұсыныс жасаған Набережный орта мектебінің қос ата-ананың жобасына қаржылай қолдау көрсетілетін болды.

Үкіметтік емес ұйымдардың , азаматтардың бірлескен топтарының мүмкіндіктері мен жетістіктерін, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуінде жаңа әдістер мен технологияларын қолдауға бағытталған бұл іс-шараның өткізілуі дәстүрге айналды.Жерлесіміз Бахытгүл Кисекова аталмыш жәрмеңкеге осымен екінші жыл қатарынан жоба ұсынуда.
“Өткен жылы бір өзім қатысып, жоба ұсынған болатынмын.Ол жолы ұстаз ретінде қатыстым. Жобам балалар мен ата-аналар қарым-қатынастарын жақсартуға арналған психологиялық іс-шараларды жасауға бағытталған болатын.Сол жылы қолдау тауып, қаржылай көмек алдым.Ұтып алынған материалдық қаржы көмегімен Өзін-өзі тану пәні өткізілетін бөлмеге біршама техникалық жабдық алған едім.Биылғы жылы,бұл жәрмеңкенің қайта өткізілетінін естіген кезде, бірден қатысамын деп шештім.Бірақ,биыл ата-ана ретінде жоба ұсындым.Мектебімізде ұстаздық етіп жүрген жас маман – Жәнібек Нағызханды жетекші етіп, өзім секілді тағы да бір ата-ананы серіктес еттім, ”- дейді Бахытгүл Кисекова.
Жоба жетекшісі ауыл балаларына түрлі спорт түрінен тәлімгерлік етіп,жаттықтырып жүргендіктен, ұсыныс ұлттық спорт түріне жататын «Қазақша күрес» ойынын дамытуға арнап жасалған. “Спортқа,оның ішінде ұлттық ойындарға ден қою өте маңызды.Бұл ауыл балаларының бос уақыттарын пайдалы жұмсауға көмек береді.Салауатты өмір салтын ұстануға бірден-бір себепші болады.Жаттығып жүрген балалардың қазір де түрлі спорт ойындарынан жетістіктері көп. Егер жоба арқылы қаржыландыруға қол жеткізіп, керек-жарақтарымызды алатын болсақ, келешекте бұл көрсеткіштердің өсетініне сенімді болғандық,”-дейді Жәнібек Нағызхан.
Тәуекелге бел буып,Жітіқара қаласында өткізілген жәрмеңкеге барған жерлестеріміз аудандар арасында ұсынылған жиырмадан аса жоба арасында топ жарып,жеңіске жетті. Жәрмеңке ережесі бойынша, жерлестерімізге ұсынған жобаларын іске асыру үшін 60 мың көлемінде ақшалай сый берілді.Олжалы оралған жеңімпаздар дәл осы жобаларын қазанның 21 – күні Қостанай қаласында өткен облыстық деңгейдегі жәрмеңкеге ұсынды. Бұл жерде де төрешілерден оң баға алып,ұсынылған жоба қолдау тапты.Қос ата-ана Раиса Головченко мен Бахытгүл Кисекова «Мықты отбасы-Мықты ел» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Бүгінде қос жәрмеңкеден қомақты ақшалай қаржыны қолға алған жоба авторлары ұлттық спорт түрлерінен оқулықтар,арнайы жабдықтар аламыз деп отыр. Сабақ барысында оқушыларға ұлттық спорт түрлерінің тарихын, бұрынғы, қазіргі ережелерін, маңызын айту, олардың өз ұлтына деген мақтаныш, патриоттық сезімдерін оятудың үлкен маңызы бар екендігін де атап өтті. Жоба жетекшісі мен ата-аналар бірлесіп бастаған жұмыстарын әрі қарай да жалғастырмақшы. Ұтып алынған материалдық қаржыға қандай спорттық жабдықтар алынғандығы жайлы жәрмеңке ұйымдастырушыларына жоба авторлары есеп береді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика