«Мал баққанға бітеді»

c_410_290_16777215_00_images_2016_45_45-skotnik.jpg- Өткенді бағамдап, ескіні жаң­ғырт­қан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні ел-жұрттың, әсілі ата-кәсіп­ті бүгінгі күнге дейін жалғап ке­­ле жатқан малшылар­дың, механиктердің, даланы берекеге бөлеген еңбеккерлердің төл ме­ре­кесі десек, қателес­пей­міз. Сондықтан көпшілігіміз бұл күнді ерекше ықыласпен күтетініміз.

Мен «Викторовка» ЖШС бақташы болып қызмет атқарып келемін. Төрт түліктің жайын жастайымнан меңгере бастағам. Жайылымның қыр-сырын да жаман меңгергем жоқ. Өткен күннің тәжірибесі болса керек, бүгінде қай малдың мол сүт беретінін, жайылымның қай тұсы құнарлы екендігін сезіп те, біліп те тұрамын.
Жалпы елдің эко­но­микалық пәрмені, әрі тірек артары ауыл шаруашылығы сала­сы, оның ішінде мал шаруашылығы ғой.
«Егін егіп, жинап алған оңай, бірақ біз 1 тонна ет өндірісінің 1 тонна астық өндірісінен бес есе тиімді екенін әрқашан есте сақтауымыз керек. Бұл қысы-жазы еңбек ететін ауыл еңбеккерлерінің жұмыспен қам­тылуымен, табысының өсуіне ықпал етеді,- деп Елбасымыздың өзі айтты емес пе? Сондықтан мал шаруашылығын әлі де жандандыра түсуіміз қажет.
«Мал баққанға бітеді» деген дана халқымыз. Еңбектенсек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндікті пайдалансақ, еліміздің әл-ауқаты күшейе түсері сөзсіз.
Барша еңбеккерлерді ауыл шаруашылғы күнімен құттықтаймын! Алла еңбектеріңізге береке берсін!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика