Кәсіпті нәсіп етіп жүрген жерлесіміз

c_410_290_16777215_00_images_2016_46_46-2016-25.jpgСания Бақбергенова (суретте) - Тобыл өңірінің тұрғыны.Бұл кісі аудандықтарға он саусағынан өнер тамған шебер ретінде таныс. Төсек жабдықтарын, той-томалақтарға арналған түрлі жарақтарды тігумен айналысады.Кәсіпті нәсіп етіп жүрген жерлесімізбен жүздесу бұйырды бізге.


Санияның тігін тігуге деген қызығушылығы зор көрінеді.Кейіпкеріміздің айтуынша, өнердің бұл түрі анасынан дарыған .Негізгі мамандығы – телефонист. «Ана көрген тон пішер» демекші,тігін тігуге деген ынтам бала кезде оянды. Анамның құрақ құрап, көйлек тігіп отырғанын көріп өскенімнің септігі» деп білемін.Тігінші мамандығы бойынша оқып та алдым.Бүгінде сүйіп жасайтын ісімнен пайда тауып отырмын.Той-думандарға дорба,қоржын,тойбастар секілді бұйымдарды жасаймын.Төсек жабдықтарын да тігемін. Жұмыстан кейінгі бос уақытымды тігін тігіске арнаймын.Апа-сіңлілерім де бұл іспен айналысады,”- дейді Сания апай. Сания Бақбергенова екі ер баланың анасы.Қос батыры бүгінде шебер аналарына көмек беріп жүрген азаматтар. Тұңғышы Әлібек Елордада тұрады. Кенжесі Арман студент.Рудный Индустриалды колледжінде энергетик мамандығы бойынша білім алуда. Жолдасы Мирамбек те жарының бастамаларын қолдап, ұдайы қолдан келгенінше көмек беруде.Санияның арманы бар – сүйіспеншілікпен жасап жүрген ісін қолдан келгенше кеңейту.Апамыздың тұрақты тапсырыс берушілері де бар. Тапсырысқа түскен тауарға керекті құралдар мен жабдықтарды өзі алады. “Қазіргі адамдар өте талғампаз.Сондықтан, мата таңдау, дизайн ойластыру ісіне ерекше жауапкершілікпен қараймын.Кейде тапсырыс берушімен бірге отырып та суретін салып, сызып аламыз.Негізі, тігін тігу ісін шеберлікпен болмаса да, білу –қыз балаға көптік етпейді. Сол себепті, сіңлілеріме де білгенімді үйретіп жүруге тырысамын,”- дейді Сания Бақбергенова.
Айта кетерлігі, отбасы ұйытқысы болып отырған Сания апамыздың жанұясы- ел Тәуелсіздігінің төл құрдасы. Мирамбек ағамыз бен Сания апамыздың шаңырақ көтергендеріне биыл – 25 жыл. Тарихы терең Тәуелсіз елімізбен бірге өркендеп келе жатқан Бақбергеновтар отбасына берекелеріңіз бекем болсын дейміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика