Мамай ақын олжалы оралды

c_410_290_16777215_00_images_2016_46_46-2016-20.jpgТанымал айтыскер ақын Мамай Ізтілеу облыстық айтыстан ауданымыздың намысын қорғап,қанжығасына бас жүлдені байлап қайтты. Жерлесіміздің шығармашылық жетістігі жайлы оқырмандарымызды хабардар ету мақсатымен Мамай Тұрысбекұлының өзімен тілдесіп қайттық.


Мамай Тұрысбекұлы облыс, республика көлеміне суырып салма ақын ретінде жақсы таныс.Көптеген айтыс аламандарының бас жүлделерін қанжығасына байлап жүрген ағамыз, жақында Жітіқара қаласында өткен додада да жеріміздің атын бір асқақтатты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ы.Алтынсариннің 175-жылдығына орайластырып ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел – мұратым» атты айтыста жерлесіміз жақсы өнер көрсетті. Айтулы айтыс барысында бірнеше айналымда Мамай ағамыз тапқыр әзілдерімен,бірлікті жырлаған жалынды да, мағыналы сөздерімен мықты-мықты айтыскерлерден суырылып шығып,алдыға оза шапты. “Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, желқабыз, тапқыр ақын болмасын тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иетін болған. Бұл тартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сөздің жеме-жемде айтыс тағдырын шешіп кететіні де осыдан. Халықты алдау мүмкін емес. Осы өнердің туын көтеріп жүргеніме, қос ішекті домбыраның құдіретін артымнан ерген шәкірттеріме үйретіп жүргеніме,талғампаз тыңдарманның алдына шыққан уақытта шын қуанамын . Кез-келген ақынның сөз арқауына алынатын мәселелерді халыққа жеткізуге ұмтылатыны – қалыпты жағдай, сол айтайын деген ойы тыңдарман жүрегіне жол тапса – бақыт. Көрермен дәл өзімдей желпініп, қолдап отырғанын әркез сезінемін. Кешегі Сүйінбай ақынның, Шөже мен Жамбылдың, Біржан мен Сараның ізін жалғастырар жас ақындарымыз көбейе берсе игі, ”- дейді айтыскер ағамыз.
Сөз өнерінің жілігін шағып,майын ішкен ақындардың басын қосқан сөз додасы жұртшылықты тәнті қылғаны сөзсіз. Айтыс десе, ішкен астарын жерге қоятын көрерменге тағы бір мәрте жыр мәйегіне қандырды. Толассыз қошемет, тапқыр сөз, қиып түсер қалжың да айтылған облыстық деңгейдегі айтыстың жеңімпазы атанған Мамай ақынның осынау жетістігімен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болғай!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика