Уақытты сақтаушының ерекше сағат жинағы

c_410_290_16777215_00_http___cs425624.vk.me_v425624780_9423_mLYwe9pwpa0.jpgКөптеген жылдар бойы сағат әр үйде және әр адамның қолында міндетті түрде болды. Уақыт өте келе олар іс жүзінде қажеттілігін жоғалта бастап, біздің өмірдегі турақты атрибуты болуы токтатыла бастады.

 

 

 

 

 

 

 

Ең қызықтысы, бүгінгі кезде имидж бен стильдің заты, орнықтылықтың нышаны ретінде қайтадан бізге оралған сағаттар коллекциясын жинаушы ауданымызда да бар екен. Ол - Асенкрит ауылының түрғыны Жүмабек Сәрсембаев.

Сыпайы да, ілтипатты Жұмабек Қалтайүлын уақытты сақтаушы деп айтуға болады. Өмір бойы мұғалім қызметін атқарып жүрген кейіпкеріміз үйінде кең көлемді коллекция жинаған. Бұл - жүздеген жұмыс жасап тұрған, тықылдайтын, сағат пен минуттарды санайтын сағаттық механизмдер.

«Сағат - бұл менің әуес ісім. Бір жылға жуық сағаттардан коллекция жинай бастадым. Көрші-көлемдердің, таныстарымның ескі және сирек кездесетін сағаттарын арзан бағамен сатып аламын. Кейін үйге әкеліп, қалпына келтіремін, жөндеймін. Бүгінде коллекциямда әзірше 170-тен артық сағат бар», - дейді Жұмабек Сәрсембаев. Сағат жинауға әуес кісінің үйінде ерекше сағат жинағы сақталған. Олардың кейбіреулері өзіндік құрылымымен, механизмімен, басқалары - тарихпен қызықты. Бұл сағаттардың тысын қайырып қарауға және механизміне қол жеткізуге болады. Таңғалдырарлық көрініс - тықылдаған жүрегі бар жүріп тұрған механизмнің жұмысын бақылауға болады. Кез-келген қызғушылық танытқан тұрғынды мұндағы сағаттардың ішіндегілердің қайсысы бағалы және қымбат екендігі қызықтырар. Коллекциядағы қызықты да, көне сағаттардың бірі -1950-ші жылдарғы сағат.

Жұмабек   Қалтайұлы әңгіме барысында: «Сағаттар өте ұқыпты қарауды және арнайы сақтауды талап ететіндіктен, оларды арнайы бөлмеде сақтаймын. Түрлі сағаттарды     жинаумен     қатар,     сынған     сағаттарды     жөндеймін.     Жөндеу диагностикадан   басталады.   Сағатты   бөлшектеп   шашып   тастап,   үлкейтілген әйнекпен не мәселе туындағанын қараймын. Бұл жұмыс зергердің жұмысына ұқсас, өйткені сағаттағы бөлшектер өте ұсақ және кейбіреулерін қолмен үшкірлеу қажет», - дей келе, басты кейіпкеріміз кейбір сағат механизмдерінің құрамында бірнеше мыңға дейін бөлшектер болуы мүмкін, олардың көбі, тіпті, болмашы әлшемдерге ие екендігін айтады. Кейде сағаттар аса үлкен емес тістегіштерге бір тістің   зақымдануының   кесірінен   тоқтап   қалады.   Тіпті,   кішкене   қоқымның механизмге түсіп кетуі күрделі зақымдануына әкеледі, нәтижесінде сағаттардың жұмысынан қажалу байқалады. Мұндай сынықтар ұзақ, әрі мұқияттап зерттеуді талап ететін көрінеді. Бір жылдың ішінде жинаған сағаттарды сақтайтын орын аз болғанмен, Жұмабек Қалтайұлы бастаған ісін әлі де жалғастырмақшы. Уақытты сақтаушының ерекше сағат жинағын толықтыруға аз да болса үлесімізді қосу үшін, ұжымымыздың атынан сыйлыққа сағат тарту еттік. Түрлі қүштарлық және әуес істер болады.

Біздің қаһарманымыз езін сағаттарға арнап, таңғаларлық, үлкен әлемін ашты. Уақыт машинасы тәрізді белгісіздікке жетелейтін сағаттардың коллекциясына қарасаңыз, бүл тақырыпқа еріксіз қызығушылық танытасыз.

 

 


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика