Жас, жалынды, жігерлі Жасұлан Құрманғалиев

c_410_290_16777215_00_images_2017_8_550x300-8-2017-12.jpg«Жастары жүректі, жігерлі елдің болашағы қашанда жарқын болары белгілі,» — ​деп бастады әңгімені Тұғырлы Тәуелсіздіктің төл құрдасы Жасұлан Құрманғалиев.

Кейіпкеріміз Әулиекөл ауданының, Қаймакөл жерінің тумасы. Мектептегі оқуын аяқтаған соң, Рудный қаласының педагогикалық колледжіне түседі. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, әрі қарай оқуын Қостанай Гуманитарлық колледжінде жалғастырады. Студент бола жүріп, түрлі қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысады. Сол кездегі болашақ ұстаз шет тілі мамандығы бойынша білім алады. Оқуын үздік тәмамдаған соң, 2012 жылы Тобыл орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасады. Сол кезден бастап, шәкірттеріне сая болып жүрген жайы бар.
Жасұлан Серікұлы аудан тұрғындарына жан-жақты өнерпаз жігіт ретінде жақсы таныс. Аудан көлеміндегі мерекелік іс — ​шараларда кейіпкерімізді байқамау мүмкін емес.
«Бұл серінің қарашаңырағымызға деген құрметі зор. Қай уақытта болса да, қолдан келгенінше көмек беруге дайын тұрады. Мәдениет үйі мұрындық болған бастамамен «Жігіттер» тобын құрған болатынбыз, Жасұлан бауырымыз сол топта эстрадалық бағытта ән айтады. Аудандық «Тобылшоу» театрінің актері, Тобыл өңіріндегі топтың жетекшісі, зілі бар әзіл айтып, оны ақылмен көтере алатын жігіт,» — ​дейді «Думан» Мәдениет Үйінің басшысы Мамай Ізтілеу.
Бүгінде кейіпкеріміз өзі де, бір шаңырақтың төрінде отырған әке. Аслан есімді ұлы мен Томирис қызын да жастайынан өнерге баулып жүрген жайы бар. Кейіпкеріміздің нағыз азаматтылығы жайлы айта отырып, тіреу болып жүрген жан жолдасы жайлы айтпау әбестік. Өмірлік серігі Әйгерім Мұсаевамен студенттік шағында танысқан. Бүгінде ол да Тобыл өңіріндегі орта мектепте ұстаздық етеді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Кейіпкеріміз Жасұлан Құрманғалиев өмірде де, өнерде де барлық жеңістерін ата-атасының берген тәлімінің арқасы деп біледі. Жастайынан жалғыз бауыры інісіне қамқоршы болғаннан болар, жауапкершілік бұл жігітке тән қасиет.
Ширек ғасырлық тарихы бар Тәуелсіздігіміздің құрдасы ретінде айтарыңыз бар ма? деген сұраққа, кейіпкеріміз біраз ойланып, «2014 жылы жастар форумына қатысып, Елбасымызды көрген болатынмын. Сол кезде, көшбасшымыздың нағыз кеменгерлігін байқадым. Әлем мойындаған көшбасшысы мен оның соңынан ерген жасампаз жастары барда қазақ елінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларына шүбәсіз сенемін. Сол жолда аянбай қызмет етуге дайынмын,» — ​деп жауап қайтарды.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика