Погон таққан ару

c_410_290_16777215_00_images_2017_11_11-2017-858.JPGТарихта батырлығымен ел жадында қалған арулар аз емес. Ерлермен бірдей еңбекке сыбана араласқан тыныштықтың алдаспаны болған нәзік жандылар қазір де баршылық. Бүгінгі әңгіме, аудандық ішкі істер бөлімінің жас қызметкері – Толқын Тулекенова жайлы болмақ.
Погон тағып, заң қадағалау қызметінде жұмыс істеу Толқын Тулекенованың жастайынан арманы болатын. Үкілеген үмітін арқалаған жас түлек, мектеп бітірісімен бірден Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түседі. Бүгінде, сол оқу орнының төртінші курс студенті. Оқу мен қызметті қатар алып жүрген жас маман. Таран ауданының ішкі істер полициясында ювеналды бөлімде қызмет атқарады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық фактілерге байланысты жұмыстармен айналысады.
Жұмыс пен оқудан бөлек спортпен шұғылданады. Мұнысы тек қызметке байланысты емес, әр адамның салауатты өмір салтына бейімделгені абзал екендігін тілге тиек етті кейіпкеріміз. Жақында ғана заң қадағалаушылар арасында өткен шахматтан біріншілікте,шенді ару топ жарып үздік үштікке ілінді.
«Отбасымызда төрт баламыз, төртеуміз де қызбыз. Мен екіншісімін.Анам аяғы ауыр болғанда, әкем ұл туады деген ойда болған екен. Содан болар, кішкентай кезімнен ермінездікке тәрбиеледі. Оған еш өкінген емеспін. Бүгінгі күнімді, кішкентай жеңістерімді тәлім берген ата-анамның еңбегі деп білемін,» – дейді Толқын Тулекенова.
Асқақ арманға жету үшін алдына айқын мақсат қоя білген абзал. Осы мақсатты орындау жолында пенделік кері­тартпа дағ­дылардан арылып, тө­­зімділікпен тер төгу өзін - өзі бағалай алатын қажырлы жан­дар­дың ғана қолынан келмек. Кейіпкеріміздің бойынан дәл осындай қасиеттерді көре білдік.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика