Репрессия құрбандарының тауқыметті тағдырлары ешқашан ұмытылмайды

c_410_290_16777215_00_images_2017_21_21-2017-16.jpg«Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын. Елдің бәрін қорқыныш билеп, не айтса да сыбырлап сөйлейтін, өйткені ол туралы жоғары жаққа біреу жеткізіп қояды деген қорқыныш болатын», — ​міне, репрессия зобалаңының жылдарын жерлесіміз Мария Кулиева дәл осылай еске алады.

Ол кезде жаппай тұтқындаулар жүріп жататын, әр күні таңертеңгісін адамдар бір-бірінен бүгін түнде кімді алып кетті деп сұрайтын, ауылдастардың аузынан «қара қарға» деген сөздер түспейтін, түнде тұтқындалғандарды алып кететін машиналарды халық осылай атап кеткендігі жайлы айтты қарт жерлесіміз.
Кулиева Мария Андреевна 1941 жылы Поволжье жерінен отбасымен бірге күштеп Таран аумағына қоныс аударды. Осы жерде қызмет жолын бастап, отбасын құрып, балаларын тәрбиелеген. Алғашында, мектепте, кейін аудандық ауруханада жұмыс істеген. Бүгінде, зейнеткер жерлесіміз бес баласы, 10 немере мен 13 шөбересінің қызығын көріп отырған қарт.
Зұлымат жылдардың қиын кездері жайлы қарт еске алуды ұнатпайды. Дегенмен, әңгімесінде өткенсіз болашақ жоқ екендігін ерекше атап өтті. Өскелең ұрпақ аға буынның көрген қиындығы, бастан өткерген қыстау кездері жайлы білгендері тиіс екендігін тілге тиек етті.
Сталиндік репрессия зобалаңы 1937–1938 жылдары өзінің шырқау шегіне жеткен болатын. Бұл кезеңді бүгінде ұлы зұлмат-зобалаң жылдары деп атайды. Сол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Қазақстанда репрессия құрбандарын еске алу күні 1997 жылдан бері атап өтіледі. Ал 1993 жылы саяси репрессияға ұшыраған құрбандарды ақтау туралы заң шыққан. Бүгінгі таңда ауданымызда саяси қуғындалуға куәгер болған 15 тұрғын өмір сүруде. Бүгінгі ұрпағының бақытты болашағы үшін баласынан бастап, бабасына дейін жанын пида еткен құрбандардың өшпес рухына басымызды ию лазым.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика