Топырағыңнан айналдым, туған өлке!

c_410_290_16777215_00_images_2017_29_31-2017-16.jpgАққан су астындағы топырағына қарай лайланып тазарады, адам барлық асыл қасиетін туған жердің топырағынан алады. Десе дегендей, туған жердің топырағы киелі екені шүбәсіз. Бұл мақалада біз Сіздерді ауданымызда туып-өсіп, отбасын құрып, адал еңбектің арқасында абыройлы зейнеткер атанған ерлі-зайыпты Шишмағамбетовтармен таныстырмақпыз. Шишмағамбетовтар отбасының иесі, отағасы – Туилеухан Атығайұлы 1949 жылы бұрынғы Елизаветов, қазіргі Набережный ауылында дүниеге келген. Кейіпкеріміздің әкесі Атығай мен алтын құрсақты анасы Шәрипа апамыз алты баланы тәрбиелеп өсірген абыройлы адамдар.

Көпбалалы отбасында тәрбие алған Тулиеухан Атығайұлы адал еңбекпен келген астың дәмін жақсы біледі. Кейіпкеріміздің балалық шағын көрген қарт көздер оның бойындағы талпыныс жастайынан байқалатындығын айтты. Мектептегі оқуын аяқтаған соң, Тулиеухан Атығайұлы Николаев ауылындағы мамандандырылған училищеге түседі. Оқуын аяқтаған соң, механизатор, тракторист болып қызмет істеді.
1972 жылы кейіпкеріміз өмірлік жан жолдасына айналған сол кездегі бойжеткен Бикасап Қадырбекқызын жолықтырып, отбасын құрады. Бұл кісілердің арасындағы мейірім мен бір – біріне деген сүйіспеншілік сезімі қазір де байқалады. Биыл, ерлі-зайыпты Шишмағамбетовтардың шаңырақ көтергендеріне 45 жыл болды. Ерлі - зайыпты Шишмағамбетовтардың екеуі де еңбек адамдары. Зейнетке дейінгі уақытта апамыз – сауыншы, ағамыз – механизатор болып еңбек етті. Ерлі-зайыптылардың Бауыржан, Нұрлан, Темірхан, Жаныш есімді қолқанаттары, ұлдары бар. Ұлдарын ұяға қондырған кейіпкерлеріміз, бүгінде, сегіз немерелерінің қызығын көруде. Тұңғышы – Мейіржан , 6-сынып оқушысы, кенже немерелері Жасұланның туылғанына үш ай болды. Бикасап апамыз Мадина, Жансая, Мәншүк есімді келіндерін тәрбиелеп отырған сыйлы ене.
Туған өлкенің киелілігі жайлы сөз қозғағанда, кейіпкерлеріміздің ерекше толқынысы байқалды. Өткенді олар ерекше мұңмен еске алады. Дегенмен, бұл мұңда бір қуаныш көрінеді. «Туған жердің топырағынан айналдым», - дейді Тулиеухан ағамыз. «Кіндік қаным тамған жеріме деген ыстық ізгі балалық махаббат мені ешуақытта өзінен алысқа жібермеді. Осы жерде тудым, өстіп, білім алдым. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Бұл жерде ата-анам адал қызмет атқарды. Бұл өлкенің әр ауласы, әр көшесі өзіме жақсы таныс, ыстық. Өткен күн тарих екендігі рас. Онсыз келешек болмайды. Сондықтан, отырыстар мен басқосуларда жастарға ұдайы өткен күннің естеліктерін айтып отырамын. Өмір өтіп, уақыт өз дегенімен өткен сайын туған жерге деген ізгі сезім артады екен. Немерелеріме де әрдайым, «патриот» болу деген ол бір ерлік іс жасау емес, өз ісіңе, өзіңнің туып-өскен жеріңе адал болу екендігін айтамын», - дейді кейіпкеріміз Тулиеухан Шишмағамбетов.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика