Бірлескен еңбектерінің жемісін көріп жүр

c_410_290_16777215_00_images_2017_36_36-2017-15.jpgЕңселі еліміздің ауыл шаруашылығының жағдайы ауыз толтырып айтуға болатын жағдайға жетіп, ертеңіне деген сенімі арта түсті. Астықты орып, жинайтын техниканы тізгіндейтін еңбекқор, өз ісіне адал мамандар да жеткілікті. Ал, дала төсінде қызу еңбекпен жүретін комбайншылардың еңбегі қай мезгілде болсын ерекше саналады. Осы ретте, оқырмандарымызды жастайынан комбайн мен тракторды тізгіндеп, өмірінің саналы жылдарын еңбекпен шынығып өткізген «Тоғызбай-Агро» ЖШС қарапайым да, мәртебелі мамандарымен таныстырмақшымыз.

Жітіқара өңірінің тумасы Боранқұл Тлеубаевтың осы шаруашылықта еңбек етіп жүргеніне төрт жылдың жүзі болыпты. Ал, механизатор мамандығын 1969 жылдан бері игеріп келеді. «Әкем жасынан жетім қалған, мал бақты. Шешем де оқымаған кісі. Отбасымызда техникаға жақын адам болмағанмен, жас кезімнен осы мамандыққа бет бұрдым. Механизаторлық тынымсыз еңбек пен қажырлы күш-қайратты талап етеді. Егін алқабынан жиналған астық жайылған дастарқанымызға дайын өнім болып келгенге дейін бірнеше сатыдан тұратын күрделі дайындық жұмыстарынан өтеді ғой. Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибеммен қуана-қуана бөлісуге әрдайым дайынмын.Қазіргі таңда небір шаруашылықтың дамуында техникалардың маңызы айтпаса да түсінікті. Оларды тиісті деңгейде меңгеріп, жастарға үйрету керек деп есептеймін», - дейді бас кейіпкеріміз.
Боранқұл Күнжанұлының айтуынша, жұмыс жылдағыдай жүріп жатыр. Техникалар да көңілінен шығуда. Бірақ, әр маусымда шаруашылық үшін, жақсы өнім табу үшін үлкен жауапкершілікті сезінетінін жасырмайды. Жұмыста кездесетін айтарлықтай кедергілер де жоқ. Ағай асыл жарымен шаңырақ көтеріп, балаларын тәрбиелеп отырған бақытты әке. Сондықтан да, негізгі қызметі маусымдық сипаттағы жұмыс болғандықтан, қыс мезгілінде жанұясымен демалуды жөн көреді.
Бала кезден-ақ өмірдің басты құндылықтарын ұғынған Боранқұл Тлеубаев «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мақалының астарына үлкен мән береді. Осы кісі сияқты ұлтымыздың алтын қазығы ауыл өміріне белсене араласып, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын еңбекқор азаматтардың саны арта түссе, нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.
Владимир Мартыневский де - аграрлық сектордың егін жинау науқанына өз үлесін қосып жүрген жұмысшылардың бірі. Техникаларды ыстық ықыласпен меңгерген азамат Әулиекөл ауданында туып-өскен. Техникалардың тізгінін сенімді ұстап, жұмысқа бала кезінен-ақ білек сыбана кіріскен. Өйткені, атасы да, әкесі де өмірлерін осы саламен тығыз байланыстырып, талмай қызмет етіпті. Қажырлы еңбектің үлгісі болып табылатын азамат ұрпақтар сабақтастығына айналған бұл мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, егін саласында тәжірибені молынан жинаған. Үш ұрпақтың жалғасы болып табылатын егін шаруашылығы Мартыневский жанұясы үшін қадір-қасиетін ешуақытта жоғалтпайтын киелі іс деп айтсақ, артық болмасы анық.
«Неліктен механизатор болуды қаладыңыз?» деген сұрағымызға мынадай жауап алдық. «Бала кезімнен комбайндарға ерекше көзқараспен қарадым. Мінуді армандадым.Біраз уақыт өте келе өзім де комбайншы болдым. Дұрыс жол нұсқап, жұмыстың ерекшеліктерімен таныстырған әкеме деген алғысым шексіз. Ол менің өмірдегі тиянақты, тәжірибелі тәлімгерім деп айта аламын», - дейді Владимир Владимирович.
Шаруашылық басшысының сөзіне қарағанда, бұл кісі қарымды істерді жүзеге асыруда өте тиянақты көрінеді.Әңгіме барысында мінезіндегі ер азаматқа тән ұстамдылық пен өжеттілік те байқалады.
Несібесін техникалардан айырып келетін, тапсырылған шаруаны тындырып жүретін азаматтарымыз бірауыздан «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді. Бірлескен еңбектерінің арқасында жайғдайларының жақсы екендіктерін алға тартып, ең бастысы, еліміздің аман, тыныш болғанын қалайтынын тілейді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика