Нағыз азамат екенсің, Азамат!

c_410_290_16777215_00_images_2017_39_39-2017-8.jpgБірнеше күн бұрын Ақтауда ағзасын ауыстырғандар мен диализдегі емделушілерге арналған бірінші ашық спорттық ойындар өтті. Үш күнге созылған шараға тарандық Азамат Ерғалиев те барып қайтты.

22-24 қыркүйек аралығында өткен жарыс Маңғыстау облыстық мүгедектер клубының спорт залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Үш күнге созылған шараға еліміздің және Ресейден келген барлығы 8 команда қатысты. Жарысқа қатысушылардың бәрі ағзаларын ауыстырған жандар. Олар дартс, үстел теннисі, 50 метрлік еркін стильдегі жүзу, боулинг, волейболдан сайысқа түсті.
«Ашылу салтанатына облыс әкімі қатысып, бізге сәттілік тіледі. Спортты серік еткен Ералы Тоғжанов қатысушымен бірге үстел теннисін де ойнады, жаттығу жасап жатқан спортшылармен де тілдесті. Байқағаным, спортпен шұғылданғысы келетіндер баршылық. Біріншіден, бұл жарыс қатысушылар үшін үлкен қуаныш. Екіншіден, осындай спорттық жарыстарды өткізу арқылы қоғамдық ортамен байланысты нығайтуға болады. Аталмыш ауқымды шараға шақырылғандардың ынтасы да, көрсеткіштері де жаман емес», - дейді Азамат есімді жерлесіміз. Көрсеткіш демекші, айтулы додаға назар аударуымызға себепкер болған ауылдасымыз үстел теннисінен бәсекеге түсіп, қанжығасына 1-орынды байлады. Оған қоса, боулингтен жүлделі 3-орынға қол жеткізіп, алдыңғы қатардан көрінді.
Жеңімпаздар шетелде өтетін халықаралық спорт сайысына қатысады деп күтілуде. Яғни, бұл бәйге ішкі органын алмастыруға мәжбүр болған Азамат Ерғалиев үшін бүкіләлемдік жазғы трансплант ойындарына қатысуға жолдама деуге болады. Айтпақшы, ер кісілердің шашын алып, сән әлеміне, кәсіпкерлікке бет бұрған кейіпкеріміз мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлерге тегін қызмет көрсетеді. Қарапайым, сыпайы,әрі кішіпейіл Азамат еш тебіренбей:«Біреудің көмегіне зәру адамдарға құрметтің қай түрі де артықтық етпейді», - деп қана қойды. Сөзімен емес, ісімен үлгі болар нағыз азамат екенсің, Азамат!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика