Еңбек жолында - 20 жыл

c_410_290_16777215_00_images_2017_39_39-2017-20.jpg«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, Әсем Сапабекова өмірін білім беру саласына арнады. Ол аудан орталығындағы қазақ мектебінде ұстаздық ете отырып, өзін іскер, үздіксіз ізденіс үстіндегі адам ретінде көрсете білді.

Математика пәнінің мұғалімі Әсем Сағымбайқызы қандай құрметке де лайық. Оның бойында ұстазға лайықты қасиеттердің бәрі бар – терең білім, сыпайы мінез, салмақты көзқарас бір бойынан табылып тұр десек те артық емес. «Біз жүрегі кең, жүзінен мейірімі төгілген, әрқайсымызға алаңдап жүретін апайымызды жақсы көреміз», - дейді 11-сынып оқушысы Әсел Абильдина. Бұл кісі мектеп оқушылары арасында ғана емес, ұжымында да сыйлы. Мектеп директоры Аслан Мадибаев: «Әсем Сағымбайқызы ауданымыздағы тәжірибелі, жауапты, ата-аналармен де, балалармен де тіл табыса алатын алдыңғы қатарлы педагогтардың бірі деп есептеймін. Өз басым, сабақтарын ұйымдастырушылық, әдістемелік, түрлендіру деңгейі жоғары деп бағалаймын», - дей келе, оның жоғары санатты ұстаз екендігін атап өтті.
«А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ аяқтаған соң, жолдама бойынша Таранға келдім.Мен Б.Майлиннің кіндік қаны тамған ауылында тудым,сондықтан өзімнің туған өңіріме оралдым десем де болады. Міне, менің де ұстаздық еңбек жолында жүргеніме де 20 жыл болыпты. Мен үшін әрбір бала жеке тұлға. Сол балалардың жүрегіне жол тауып, функционалдық сауаттылығы мен математикалық логикасын дамыту, сапалы білім беру – менің ұстаздық міндетім деп білемін», - дейді ғылымдардың патшасы математика пәнінің мұғалімі Әсем Сапабекова. Білімі мен білігін қатар танытып қана қоймай, әр оқушысының, әр түлегінің жүрегінің түкпірінде орын алатынына еш күмән жоқ. Қиындығы мол, жауапкершілігі жетіп, артылатын қызметінде осылайша абыройлы болуына тілектеспіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика