Айналасына шуақ шашатын Төгелбаевтар

c_410_290_16777215_00_images_2017_39_39-2017-18.jpgХалқымыз ауыл қамын қамдайтын жанды қария, ел қамын ойлайтын адамды ақсақал деп ардақ тұтқан. Осы тұрғыдан алғанда ардақты да, абыройлы қасиетке ие бола білген, ауданымыздың төл тумасы, бетке ұстар ақсақалы Шакен есімін өңіріміздің үлкені мен кішісі құрметпен атайды.

Ұлы Отан соғысы кезінде сол бір сұрапыл жылдардың қиыншылығы өте ауыр болды. Дегенмен, осы кезеңнің жастары өмірдің ащысы мен тұщысын ерте сезініп, ширығып өсті. Оған соғыс зардабы, ауыртпалық жағдай да себеп болғаны сөзсіз. «Еңбек - адамның екінші анасы» дегенді санасына мықтап сіңірген балалардың қатарында 1937 жылы дүниеге келген жас Шайзода ағамыз да бар еді. Ол әкесі соғысқа кеткен соң, анасын асырау үшін бастауыш сыныпты бітірмей, мал бағып жүріпті. Тағдырдың тауқыметін ерте көрген жаппас руының жігіті әскердегі борышын өтеп келіп, тракторшы болып жұмыс істейді. Елу бес жасқа дейін ауылшаруашылық саласында тер төккен еңбек ардагері, замандастарының айтуынша, өз ісіне тиянақты, әрқашан жауапкершілікпен қарайтын. Шалының еңбек жолын еске түсіріп отырып: «Таңның атысынан кештің батысына дейін қырда жүргенде техникасы сынғанда, қасындағы жолдастарын медей далада қалдырмай,үйге шақыратын. Оларға қабақ шытпай, түн ортасында құманымды қыздырып, дастарқан жаятыным әлі есімде», - дейді Даражагүл апамыз. Оның данагөй, ақжарқын екендігін, әрі жөнді білетіндігін осыдан-ақ аңғаруға болады.
О, бастан, өзара сыйластықты бірінші орынға қойған жұптың шаңырақ құрғандарына да биыл елу үш жыл толыпты. «Әкемнің кезінде айтқан «ешқашан қыз балаға қол көтеруші болма, балаларыңның көзінше зікірме» деген сөздері санама сіңіп кеткені соншалық, осы күнге дейін кемпірімнің көңіліне қаяу түсірген емеспін», - дейді Шайзода ата. Кісінің сыртынан ғайбат сөз айтудан аулақ, туған-туысқандарының арасында абыройлы Даражагүл апамыздың ақыл-парасатына еріксіз сүйсінесің.
Өмірден көргені көп, көкіректеріне түйгені мол ерлі-зайыпты Төгелбаевтар, қашан көрсең де, айналасына шуақ шашып, көңілдерге шаттық сыйлап жүреді. Қалжыңы мен әзілі қатар жүретін, көрегенді атамызды ауылдастары аса құрмет тұтады. Жақсылық жасауға жақын жүретін жайсаң апамыздың шарапатын, сөз жәрдемін көргендер де аз емес. Олардың әр сөзі, өмір жолы кейінгі ұрпаққа, шын мәніндегі, өмір мектебі бола бермек.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика