Әселдің бағы мен бабы жанды

c_410_290_16777215_00_images_2017_39_39-2017-1.jpgЖақында Денисов ауданында өнерлі жастардың басын бір арнаға тоғыстырған өңірлік «Әнші балапан» байқауы өтті. Балалардың өнер жолындағы қадамына жол ашатын бұл додада жерлесіміз Әсел Сагидуллаева да бағын сынады.

Өнер десе ішкен асын жерге қоятын өнерпаздарымыз аудан атын асқақтатқанда кеудені қуаныш кернейтіні сөзсіз. Олай дейтініміз, өткен аптада Әсел есімді Елизаветин ауылының 4-сынып оқушысы өзінің жас санатында топ жарды. Қазылар алқасының сараптауынан өткен 30-ға жуық бүлдіршіндердің басым бөлігі кәсіби мамандардан дәріс алса, біздің жерлесіміз вокал сабақтарын ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Сәуле Каримовадан алады. «Жалпы музыка атаулы елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішінде ең толғаулы, ең сырлысы да – ол, әрине, ән мен күй. Осы орайда, екі жыл бұрын ән жанры бағытын дамыту мақсатымен вокал үйірмесін ашқанымызда Әсел де өзінің өнерін шыңдауға құлшыныс білдірген еді. Айтарым, әртістік қабілетімен ерекше көзге түскен Әсел екеуміз үнемі репертуарымызды жаңартып, жасына сай ән таңдауға үлкен мән береміз. Ал, осы байқауда көрермендердің назарына «Ана жаным» атты әсем әнін паш еттік», - дейді Сәуле Ермекқызы.
Аталмыш байқауда бағы мен бабы жанған Әсел Сагидуллаева 1-орынға ие болып, мадақтамамен және ақшалай жүлдемен марапатталды. Бұл жас орындаушымыздың алғашқы жеңісі емес. Ол біздің өңірімізде ұйымдастырылған «Алтын микрофон – 2017» ән бәйгесінде бас жүлдені қанжығасына байлап, өнер жолындағы еңбегінің жемісін көрді десек, артық айтқанымыз болмас. Өнерге төрден орын берген Әселдің алар асуы әлі алда екеніне сеніміміз мол.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика