Жұмыстан қорықпайтын комбайншы Серік

c_410_290_16777215_00_images_2017_44_44-2017-3.jpgЕлімізде жыл сайын аталып өтетін ауылшаруашылық күні қарсаңында міндетті түрде шаруашылық жайлы сөз қозғайтынымыз оқырмандарымызға аян. Бірақ, газетіміздің осы санында ауданымыздың ауыз толтырып айтатын шаруашылығын ғана емес, тер төгетін жұмысшылардың бірін тілге тиек етпекшіміз.

Новоильин ауылдық округіндегі «Қалиев» шаруа қожалығына ат басын тіреп, кеңседегілер әдеттегідей шаруашылық жайын талқыламай, мақтанарлық жұмысшылары туралы айта жөнелді. Солардың бірі – техника тілін жетік меңгерген Серік Амангелдіұлы. Қарапайым да, сөзуар емес Серікпен кездескенімізде бірден оның жайдары, кеңпейілді екендігі байқалды. Осы өңірде туып-өскен бұл азаматтың аталмыш шаруашылықта еңбек етіп жүргеніне екі жылдың жүзі болыпты. Новоильин орта мектебін бітірген жас жігіт бұл салада жұмыс істеуге шешім қабылдайды. Себебі, бала кезінен-ақ механизатор болып жұмыс істеген әкесінің қасында жүріп, техниканың қыр-сырын меңгерген көрінеді.
«Әкем де, бауырларым да қырда жүріп, бар білгенін үйрететін. Әкемнің жолын қуғаныммен, ашығын айтқанда, балаларымның мен сияқты қысқы мал азығын жинап, нанын тапқанын қаламаймын. Олардың заманауи мамандықтардың иесі болғанын қалаймын. Өйткені, таң атқаннан кеш батқанға дейін алқапта жүру үшін төзімді болу керек. Әрине, өзге мамандықтар жеңіл деп айта алмаймын. Десек те, қара жұмыста тер төгу оңай емес», - дейді ол. Серік өзіне артылған жауапкершілікті, әсересе, егіс науқан басталғанда сезеді. Техниканы күту, оны дала жұмыстарына дайындау, тұқымдарды уақытылы қырға жеткізу оның тікелей міндетіне жатады. Ал, қызу науқан аяқталғанда кесте бойынша жұмыс істейтін көрінеді.
Әріптестерінің айтуынша, бірде жаппай бұзаулау кезінде Серік шапшаңдық танытып, жедел ветеринарлық дәрігерді шақыртып, аман-есен сақтап қалды. «Оның несі ерлік?» дейтін боларсыз. Мәселен, бұл жағдай түн ортасында болыпты. Егер де ол әлгі сиырлардың бұзаулағанын аңғармай, бірден шұғыл шешім қабылдамаса, арты немен аяқталары айтпасақ та белгілі ғой. Ол ұжымында өзін еңбекқор комбайншы ретінде ғана емес, шаруашылығына жаны ашитын, адамгершілігі мол азамат ретінде көрсете білді.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», - деді. Ал, ауылының түтіні түзу болуына Серік Беков сынды шаруашылық жұмысшыларының қосатын үлесі аз емес. Мұның барлығы, ең алдымен, туған жерге деген ыстық сезімнен, патриотизмнен басталатыны хақ.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика