Ісіне бек кіріскен Болатхан Хабылхан

c_410_290_16777215_00_images_2017_44_44-2017-7.jpgҚымбатты оқырмандар, ауданымызда картоп өсіруші шаруашылықтар жоқ емес, бар. Новоильин ауылдық округіндегі «Хабылхан» шаруа қожалығы шағын да болса, ісіне бек кіріскендердің қатарында десек те болады. Сондықтан, осы шаруашылықтың иесі Болатхан Хабылханмен кездесіп, шаруа қожалығының ашылу тарихымен және қазіргі жағдайымен танысып қайттық.

1992 жылы Моңғолиядан Қарабатыр деген ауылға қоныс аударып, бес жылдан кейін Новоильин елді-мекеніне көшіп барған Болатхан ағамыз бірнеше жыл өткен соң, шаруа қожалығын ашуға бел буады. Содан әкесінің құрметіне шаруашылықтың атауын «Хабылхан» деп атайды. 2008 жылы сынақ мерзімімен бес жылға жер алып, көкөністер өсірумен айналыса бастайды. Алғашқы жылдары шығынға батып, аса пайда көрмеген қожалық иесі уақыт өте келе тәжірибе жинақтап, кәсіп жүргізуді үйреніп алады. «Бұл істе ең бастысы жерге өнімділігі мол, сапасы жоғары тұқымды отырғызып, тұқым таңдауда шатаспау. Мен оны қайдан білейін? «Ізденген сайын ой тазарады» дегендей, ғаламтордан ізденіп, білім қорымды толықтыра бастадым. Адал еңбексіз ештеңе тегін келмейді. Тұқымды екі-үш жыл сайын ауыстырып, оны уақытында егіп, арам шөбін жұлып отыру керек.Алғашқы кезде тұқымның қай түрін аларын да білмеген едім.Аллаға шүкір, адам болған соң, әр нәрсеге бейімделеміз ғой. Әбден машықтанып алғаннан кейін бірнеше жылдан кейін жақын маңнан он бес гектар жер алдым. Бүгінде тек қана картоп өсірумен айналысамын. Өнім жыл сайын бірдей бола бермейді. Мысалы, биыл жаңбыр болғанмен, жер суық болды.Сондықтан, былтыр бір түптен 20-25 картоп шықса, осы жылы бір түптен 5-7 картом қана шықты. Қалай десек те, барлығы да Алланың қолында ғой. Осы кәсіптің, еңбегімнің арқасында бала-шағамды асырай алатыныма, олардың қатарларынан қалыс қалмауына мүмкіндік барына «Құдайға шүкір» деймін, әйтеуір», - дейді қожалық иесі, бір шаңырақтың отағасы Болатхан Хабылхан.
Ағамыз картоптың түрі жайлы әңгімені өрбітіп, мысалға Талдықорғандағы, Қарағандыдағы тұқым шығаратын шаруашылықтарды тілге тиек етті. Оның сөзіне қарағанда, олар климатқа байланысты тұқым өсіреді екен. Осы секілді көп нәрсені білмегендіктен, біраз қиындыққа тап болған көрінеді.Өкінішке орай, қызу науқан кезінде жұмысшылар аз болады. Әйтеуір, бір тұрақты тракторшы бар. Ал, ауылдағылар Болатхан аға жалақыны күнделікті төлейтіндіктен іске сыбанып кіріседі де, ақшаларын алғаннан кейін ертегідей ғайып болатын көрінеді. Бірі біркүндік нанын табу үшін келсе, енді бірі жанын аямай жұмыс істейді. Сондықтан, Болатхан аға арам шөп жұлуға, картоп жинауға отбасымен шығады (фотосуретте). Биыл әлгі жинаған өнімінің килограмы 50-65 теңгеден сатылыпты. Жергілікті өнімді ауыл тұрғындары да, сырттағы кісілер де тұтынады. Тіпті, қожалық иесінен Ақтау, Атырау, Түркістан өңірлерінен арнайы келіп, картоп сатып алған кездер де болған екен. Айтпақшы, ел азаматы сатумен ғана айналыспайды. Мүмкіндігінше, жерлестеріне көмектесетіні де бар. Былтырғы жылы жиырма отбасыға қапшық-қапшық картоп пен күріш берсе, новоильиндік жас волейболшыларға форма да тіктірткен. Мерекелік іс-шараларға қаржылық көмек көрсету әдетке айналды десек артық айтқанымыз болмас. Алайда, шыны керек, қоғамды сауапты істердің бағалана бермейтіні көңілге қаяу түсіреді.
Турашыл мінезімен жаға бермейтін бұл кісі биліктен көмек сұрамайды. Дегенмен, қолында барын да аямайды. Болатхан Хабылхан аудандағы ауылшаруашылықтың даму деңгейін де жоғары бағалайды, ол біздегі өзара бәсекелестік жақсы деп есептейді. Мүмкіндікті пайдалана отырып, ауылшаруашылық күнінің қарсаңында ел ағаларына, ірі және шағын кәсіпкерлерге табыс тілеп, жақсылықта ғана кездесуге тілектестік білдірді. «Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосайық», - деп ойын түйіндеді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика