Халық қамын ойлаған кәсіпкер

Қазіргі таңда аудан орталығында төрт мыңнан астам халық тұрады. Ауылда ауыз толтырып айтар жұмыстар әлі де жеткіліксіз екендігі жасырын емес. Солардың бірі - халыққа қызмет ететін монша мәселесі. Аудан орталығында бүгінде бір моншаның болмағаны, болса да әлі іске қосылмағаны бірнеше мәрте тұрғындардың наразылығын тудырған-ды. Монша бар, жоқ емес, бірақ ұзақ жылдар бойы жұмыс істемейді. «Ел көзі – елу» демекші, тарандықтардың айтуынша, тозығы жетіп, төбесін қурай басып, құлаудың аз-ақ алдында тұр. Аталмыш моншаны іске қосуға болмас па екен?

Осы мәселенің ізін суытпай, аудан орталығының әкімі Азамат Қалақпасовқа хабарластық. Ол жерлестеріміздің үштің бірінде өздерінің шағын ғана жеке моншаларының бар екендігін алға тартты. Ол: «Егер қоғамдық монша ашатын болсақ, оған қомақты қаражат керек» деп, монша мәселесіне қатысты мониторинг жүргізгендігін мәлім етті. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Маяк» газетінің жүргізген сауалнамасының нәтижесінде тарандықтардың 78,6 пайызы қоғамдық моншаның керек екендігін құптаған көрінеді. Түрлі жас санатындағы жауап берушілердің жартысының көбінде монша мүлдем жоқ. 58,9 пайызды құраған тұрғындар моншаның құны 400-600 теңге көлемінде болу керек деп есептейді екен.



Шенеуніктер бас-ауыртпалық мәселеге айналған моншаның қамын ойластырып жүргенше, Таран ауылдық округіне қарасты Красносельск ауылының кәсіпкері Елік Мұқанов істің көзін тапты. «Жұмыс жоқ» деп қарап отырмастан, жылдар бойы жинаған жеке қаражатына елді-мекеннің ортасынан ойып тұрып бір мезетте 10 адам шомыла алатын монша ашты. Ауылдық жерде бұған дейін арнайы жасақталған қоғамдық монша болған емес. «Менің мұнда тұрғаныма алты жыл болды. Өкінішке орай, ауылдықтар қоғамдық моншаға зәру. Жеке моншаны салуға әр адамның мүмкіндігі келе бермейтіні тағы бар. Сондықтан, былтыр қоғамдық монша қызметін ұсынуды қолға алдым. Ең алдымен, жалға жер алып, қажетті материалдар сатып алдым. Сөйтіп, әзірлеген жобам бойынша монша құрылысына кірістім», - дейді қарапайым да, талапкер Елік Тәуекелұлы.



Тапсырыс берушілер енді моншаның бу және жуыну бөлмелерінде жуынып-шайынып қана қоймай, алауошағы мен теледидары бар арнайы демалатын бөлмеде шай ішіп, бой сергіте алады. Газ өткізілген заманауи моншаның қызметі сапалы, іші тап-таза екендігі байқалып тұр. Елік ағаш моншаның санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуына аса мән береді. Әр дүйсенбі сайын рудныйлық фирманың қызметіне жүгініп, арнайы құрылғымен тазарту жұмыстарын жүргізеді екен. Биыл сылап-уқалау қызметін ұсынумен қоса, жабдықталған балалар алаңы мен дүңгіршек орнатуды жоспарлап отыр. Алла жазса, бизнесін өркендету үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, басқа да қызмет көрсету саласын дамытуды көздеп отыр.



Кәсіпкер моншаға 3 млн. теңгеден астам қаражат жұмсапты. Ауылдың төрт тұрғынын жұмыспен қамтыған. Әрі сауапты, әрі халыққа қажетті шаруаның көзін осылайша тауып отыр. Ең бастысы, бұған жергілікті ауылдықтар да, көрші өңірлердің тұрғындары да риза. Аптасына күні-түні алты рет жұмыс істейтін моншаның құны көңілге қонымды . Өзге ауылдардағы кәсіпкерлер де Елік Мұқановтан үлгі алып, кәсіпкерліктің осы секілді нысандарын ашуға белсенділіктерін арттырса дейміз. Жамағаттың алғысына бөленіп жүрген Елік Тәуекелұлына қиындығы мол жолда абыройлы болып, мақсат тұтқан жоспарларыңыздың жүзеге аса беруіне тілектеспіз. Еселі еңбектеріңіз ел игілігіне арнала бергей!


Комментарии  

 
+3 # Валентина 03.02.2015 11:39
:-|
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # Марина 08.02.2015 10:46
Хорошее местечко для девичника
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика