Береке - бірлігі жарасқан Садықовтар әулеті

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/3/sadykovy-semia.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/3/sadykovy-semia.jpg'

sadykovy-semia.jpg«Отан – отбасынан басталады», «Берік отбасы – қоғамның тірегі» дейміз. Расында да, өнегелі отбасы – жарасымды жұптан шығады. Осындай береке-бірлігі жарасқан Садықовтар әулетін Тобылда көпшілік жақсы біледі. Айрандай ұйып отырған отбасының ғибаратты өмірі үлгі-өнегеге толы. Сыйластықтары жарасқан шуақты шаңырақта біз де болып қайттық.

Қарапайым механик қызметін атқарып жүрген Тансықпай Жұмағалиұлы жолдасының үйлену тойына барады. Сонда 28 жасар сері жігіт қалындықтың қызжолдасы болған сұлу, әрі инабатты бойжеткенмен танысып, бір көргеннен ұнатып қалады. Сөйтіп, сол кеште-ақ Қалиямен танысып, тіл табысып кетеді. Ал, 1981 жылы шаңырақ көтеруге ұсыныс жасап, дүркіретіп той жасайды. Енді, міне, ұлын текті, қызын қылықты етіп тәрбиелеген отағасы мен отанасының отау тіккеніне биыл 34 жыл толғалы отыр.

«Еркек – үйдің пірі, әйел – үйдің гүлі» деген қағиданы құп көретін жұбайлардың алғашқы перзенттері Жанна дүниеге келгенде әке бақытына бөленген Тансықпай ағайдың қуанышында шек болмайды. Екі жылдан кейін сүп-сүйкімді Роза есімді қызы туады. Ал, кенже ұлдары Талғат әжесінің баласы еді. Алла жазған ғұмырының соңғы күніне дейін ұлы Тансықпайдың қолында болған Жаңыл әжей немересіне десе шығарда жаны бөлек болатын. Жақындарының айтуынша, «балам – балдан тәтті, немерем – жаннан тәтті» деп, Талғат немересінің асты-үстіне түсіп, Қалия келінін туған қызындай көретін. Қалия Қаженқызы да енесінің көзі тірісінде оның бабын таба білді.

«Әке болып жүргенімді ұмытып, әлі күнге еркелеймін мен саған» деп Қадыр ақын айтпақшы, бүгінгі басты кейіпкерлеріміздің есейіп, шаңырақтарын көтерген қыздары қолдары қалт еткенде ата-аналарына келіп, түрлі тосын сыйлықтар жасап, маңдайынан иіскетіп қайтқанды дұрыс көреді. «Қалыптасқан дәстүр бойынша балаларым мен немерелерім міндетті түрде 8 наурызда қонаққа келеді. Бәріміздің басымыз қосылып, у-шу болғанымызда, қуанышымыз қойнымызға сыймайды», - дейді отанасы Қалия Садықова. Тансықпай аға мен Қалия апай қазіргі таңда жалғыз ұлының жанұясымен бірге тұрып жатыр. «Келін ененің топырағынан жаратылады» демекші, Талғаттың Дана есімді келіншегінің енесі секілді көрікті де, ашық мінезді екендігі бірден көзге түседі.

Отағасы Тансыкпай биыл 61 жасқа келсе де, қол қусырып қарап отырған жоқ. Бүгінде «Тобыл» коммуналдық кәсіпорынның басшысы қызметін атқарып жүрген бұл кісі іскерлігі мен біліктілігінің арқасында ел құрметіне бөленіп жүр. Балалары Талғат пен Дана да әке жолын қуып, осы салада еңбек етуде. Жұмыстарына берілгендігі соншалық, үйдегі үстел басында бастары қосылса, сол баяғы жұмыс жайлы әңгіме қозғайды. Оған өзіміз де куә болдық.

Жұрт қызыға да, қызғана қарайтын, жарты ауыз сөзбен бір-бірінің жанын түсінетін ерлі-зайыптылар ел арасында көпке үлгі боларлық өнегелі отбасылардың бірі болып есептеледі. Балаларының да қоғамда абыройлы екендігі жасырын емес. Садықовтар шаңырағына денсаулығыңыз болаттай берік, бақ құсыңыз басыңызға серік болсын демекпіз. Жаратқанның берген бар жақсы сыйы бала-шағаңызды айналып өтпесін!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика