Сыныптас болған Орынкүл мен Төленғали Ержановтар

Биылғы тұрақты «Біздің шаңырақ» айдарымызда ынтымақ-бірлігі жарасқан шаңырақ жайлы сыр шертпекпіз. Керегесі кең, шаңырағы биік Ержановтар отбасымен хабарласып, әп-сәтте үйіне қарай бағыттадық.

Үйдің табалдырығын аттағаннан-ақ Орынкүл Кенжалықызы мен Төленғали Имашұлы жадырай қарсы алды. Отанасы ішке өтуімізді сұрап, жүрегімізге жылы пікір ұялатты. Сөйтіп, үстел басында шай ішіп, біраз әңгіме-дүкен құрдық. «Біз Төленғалимен 5-сыныптан бастап бірге оқып, Павлов мектебінің 10-сыныбын бірге тәмамдадық. Сыныптас болған соң,екеуміз кезекшілік атқаратынбыз. Сол кезде-ақшаңырақ көтеретінімізді білсем, 5-сыныпта-ақ күйеуге шығып алатын едім деп әзілдеймін кей уақытта. Жолдасым оқушы кезінде сабырлы, байсалды болса, мен ер бала сияқты бұзықтау едім. Ол математикада ылғи менің партамның артында отыратын. Кейде орындығымның астынан аяғымды түртіп қойса, басынан кітаппен сарт еткізетінмін. Үндемей ғана отырады сосын (күліп), не істейді енді... (Танымал әннің «ең алғашқы махаббат басталады партадан» деген сөздері еріксіз еске түседі). Бірақ, сыныбымыз тату еді. «Алға, комсомол!» деген ұранмен сыныптастарымызбен жиналып, лагерьге барған кездеріміз де болды. Сонда ұлдар балық аулайды, қыздар тамақ пісіреді», - деген балалық естеліктерімен бөліскен басты кейіпкерлеріміз кейінгі өмірлерімен бөлісті.

Мектепті бітіргеннен кейін Төленғали ағай мен Орынкүл апайдың жолдары айырылып, әрқайсысы өздерінің жеке отауларын тігеді. Зымырап уақыт өте берді. Амал қанша, тағдыр бір тауқымет сынын дайындап қойыпты. Төленғали Ержановтың бірге түтін түтеткен зайыбы ауыр науқастан беті бері қарамай, дүниеден өтті. Соңында ботадай боздап, үш бала қалды. «Өлгеннің артынан өлмек жоқ» - өмірдің заңы. Тірі адам тіршілігін істеуге тиіс қой. Ағай таңның атысы, күннің батысы жұмыста жүреді. Ал, үйдегі атай мен әжей бала-шағаға қарап, тамағын істеп, кірін жуатын. Десек те, өзіне де бір сәт күтім керек қой. Сөйтіп, 1983 жылы Орынкүл апаймен бас қосты. Әйел жарықтық, жанұяның жылуы ғой. Отанасы дүниеге әкелген баласы Асхатқа, Арман мен Бауыржанға, Гүлнәрға мейірімін төгіп, мәпеледі. Апай шаңырақтың астында тәрбиелеп-өсірген балаларды бір-бірінен бөлмей, ана шуағына малды. Екі жылдан кейін шаңырақта іңгәлаған бөбектің дауысы шығып, бәріне ортақ болып ерке өскен Ақан туады. Бүгінде немерелерінің қызығына бөленіп жүрген жарасымды жұп кенже ұлының үйленгенін армандап жүргенін жасырмайды. Жылы шырайлы Орынкүл апай: «Немерелеріміздің бәрі де ұлдар, енді келіндеріме «қуыршық керек» деймін», - дейді жымиып.



Төленғали Имашұлы аудандық ішкі істер бөлімінде еңбек етсе, Орынкүл Кенжалықызы білім беру бөлімінде экономист қызметін атқарды. Қазіргі таңда екеуі де зейнетте. 32 жылдың ішінде өмірдің ащысы мен тұщысын көрген ағай мен апай «отбасындағы бақыттың кілті неде?» деген сауалымызға бірауыздан «жанұяда сыйластық, сенім болу керек» деп жауап берді. «Менің қолымда енем де, әжем де болды. Әжем 99 жасында қайтты. Ол ешқашан біздің шаруамызға кіріспейтін. Ақан кішкентай кезінде «үйдегі ең күшті әжем. Әжемнен бәрі де қорқады» дейтін.Сонда мен ол қорқыныш сезімі емес, сыйластық деп айтатынмын. Келіндерім түрлі ұлттың өкілі болса да, осы күнге дейін «мен үлкенмін, мен енемін» деп олармен ұрысысып немесе қатты сөзге келген жоқпын. Біз де жас болдық қой. Келіндерімнің әрқайсысын туған қыздарымдай көремін» - дейді апай. Өнегелі отбасының құда-құдағиларымен қарым-қатынасында да қылаудай кіршік жоқ екен. Барыс-келіс үзілмейді. Қалыптасқан дәстүр бойынша құда-құдағилары да, бала-шаға да мереке күндері жиналып, у-шу болып, мәз-мәйрам болатын көрінеді.

Сырт көз – сыншы. Құдайым тіл-көзден сақтап, Ержановтар қара шаңырағының мұржасынан шыққан түтін түзулігінен танбасын. Өмірдің барлық қуанышын қызықтап, Алланың берген жасын жасап, несібе-дәулеттеріңіздің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика