Ерен жетістігімен дараланған Марс Шұңғырбаев

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/7/7 2015 4.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/7/7 2015 4.jpg'

7 2015  4.jpgАудан орталығындағы №1 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Марс Шұңғырбаев талай жастың бабын келтіріп, бағын ашқан бапкерлердің бірі болып табылады.

Марс – Әулиекөл ауданының тумасы. Мектепте оқып жүргенде 6-сыныптан бастап спортқа деген қызығушылық танытады. Ерекше қабілетімен көзге түскен жас спортшы сол кезде-ақ Қазақстан чемпионатында президенттік көпсайыстан, аудандық және облыстық жарыстарда шаңғыдан бағын сынап, бірталай жүлделі орындарға ие болды. Марстың әлі күнге дейін шеберлігін жетілдіруге еңбегін сіңірген алғашқы бапкері Николай Титоренкоға алғысы шексіз. Мектепті бітірген соң да спорттан қол үзбей, индустриалдық-педагогикалық колледжге оқуға түседі. Колледжде жеңіл атлетикамен айналысып, онда да чемпион атанады. Шұңғырбаевтар жанұясының барлық мүшелері спортпен шұғылданатындықтан, шаңғышы анасы Марстың дәл осы саланы таңдауына себепкер болады. Сөйтіп, басты кейіпкеріміз қолына диплом алғаннан кейін, ауылында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметін атқарып, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болып жұмысқа орналасады. Сол аралықта сырттай Қостанай әлеуметтік-техникалық жоғарғы оқу орнын тәмамдайды.

Отыз жастағы Марс Айдарханұлының спорттық жетістіктері жайлы айтар болсақ, ол аудандық, облыстық жарыстарда қанжығасын жүлделі орындармен толықтырып, көпсайыстан чемпион атанды. Петропавл қаласында өткен Қазақстан Универсиадасында командасымен екінші орынды жеңіп алды. Осыдан екі ай бұрын Лисаков қаласында ұйымдастырылған облыстық чемпионатта ауданымыздың намысын қорғап, үшінші орынды иемденді. Ал, жақында ғана өткен облыстық чемпионаттан жас санаты бойынша екінші орынмен оралды. Марс облысымызда осындай тарихи ерен жетістіктерімен даралануда. Осындай спортшының келешегі зор болмақ десек артық айтпаспыз.

Марс Шұңғырбаев: «Мен ауылымда сегіз жыл бапкер болдым. Бүгінде үш оқушым спорт шеберінің кандидаты, ал біреуі спорт шебері атанды» - дей келе, ауданымыздағы спорттың дамуы деңгейі жоғары деп есептейді. «Мен Әулиекөл ауданы атынан жарыстарға шығып жүргенде-ақ тарандық қатысушылармен жарысқа түскен едім. Сол кезде де тарандықтардың шаңғы мен жеңіл атлетикадан мықты екендігін байқаған болатынмын», - деді ол. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандарының сөзіне қарағанда, Марс Айдарханұлы аудандық спартакиадада белсенділік танытып жүрген жерлестеріміздің бірі болып табылатын көрінеді.

Қыркүйекте ауданымызға қоныс аударған Марс мұнда Гаухар апасының шақыртуымен келіпті. Ол Б.Майлин атындағы орта мектепте еңбек етіп жүрген жолдасымен бірге мемлекеттік бағдарлама бойынша көтермеақы алып, көп ұзамай баспаналы болуды жоспарлап отыр. «Сирек кездесетін, әрі өзгеше Марс есімін кім қойды?» деген сауалымызға: «Менің әкем –қазақ, анам – башқұрт. Сол себепті, атам башқұрттың Марс деген атын қойды» - деді. Үнемі үйренуден, ілімі мен білімін толықтырудан жалықпайтын Марс Шұңғырбаев келешекте ауданымыздың байрағын желбіретеді деген сенімдеміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика