Чернобыльдықтардың атауландырылған жүйесі

c_410_290_16777215_00_http___static.diary.ru_userdir_3_3_7_1_337121_18888694.jpg1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атом энергиясын пайдалану тарихында адамзаттың жүрегіне ауыр жара салып, орны толмас қасіретке әкеп соққан, мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат болған еді.

Өздерін құрбан ете отырып, Чернобыль апатының зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, соның 32 мыңы қазақстандық еді. Олардың көбі емі жоқ сәуле ауруына шалдыққан, ағзаға әбден сіңіп алған уытты жеңе алмай, арпалыспен өмір кешуде. Жылдан жылға апатты жоюға қатысқандар саны азайып келеді. Ауданымызда чернобыльдік ардагерлерден тірі жүргені небәрі жеті адам.

М.С.Горбачев өз сөзінде «Бүгінгі күннің бірінші кезектегі міндеті – апат зардабын жою жөніндегі жұмыстар болып табылады» деп атап кеткен-ді. Жақында Таран ауылдық округінің мамандары Чернобыль апатында болған жерлестерімізбен хабарласып, олар жайлы жан-жақты ақпарат жинау жұмыстарын жүргізген болатын. Мұндай ауқымды жұмыс кімнің тапсырмасы бойынша жүргізілуде және оған не түрткі болды? Қандай мақсатпен мәлімет жиналуда? Туындаған сұрақтарымызға жауап алу үшін ауылдық округ әкімдігіне хабарластық. Әкімнің орынбасарының сөзіне сүйенсек, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасы бойынша радиациялық медицина мен экология ғылыми-зерттеу институты Чернобыль АЭС апатынан зардап алушылар мен олардың ұрпақтарының атауландырылған жүйесін құруда. Сондықтан, чернобыльдық жерлестеріміздің ата-аналары, апаттан кейін дүниеге келген балалары мен немерелері жайлы ақпарат жиналуда.

Биыл Чернобыль атом электр станциясында болған қайғылы жағдайға 29 жыл толып отыр. Арада осынша уақыт өтсе де, оқиғаның жаңғырығы естен шықпақ емес. Айта кету керек, Чернобыль апаты мүшелерінің сексен пайызы ауруға шалдыққан науқас адамдар. Сол себепті, оларға жылы сөз, қолдау өте қажет.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика