Жаңа жүйе көңіліңізден шығады ма?

Былтыр аудандық емхана қабырғасында емделушілердің кезек күтіп, көп тұрып қалуына жол бермеу, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында тіркеу бөлімінде талондар беру жүйесі енгізілген болатын. Алайда, тұрғындардың бұл жүйеге көңілі толмай отыр.

Туындаған мәселеге көз жеткізу үшін емханадағы емделушілер арасында сауалнама жүргіздік. Жұртшылық терапевт, невропатолог қабылдауына кіру үшін енгізілген талон беру жүйесіндегі түрлі түйткілдерге шағымдануда. Біріншіден, талондар саны шектеулі екен. Демек, шалғай ауылдан келгендер де талондарға қол жеткізбеуі мүмкін. Алдын ала ауырып қалатыныңызды білсеңіз, яғни көріпкелдік қасиетіңіз болса, терапевт, невропатолог қабылдауына телефон арқылы жазылуыңызға болады. Дәл сол күні талон алуға үлгірмесеңіз, дәрігер қабылдауына бірнеше күннен кейін ғана кіре аласыздар. «Мен осыдан бір апта бұрын тұмаумен ауырып қалдым. Дәрігер қабылдауына жазылайын деп едім, талондар жоқ екен. Сөйтіп, мен бүгінге жазылдым. Дәріханадан дәрі-дәрмек алып, үйде емделуге тура келді», - дейді өкпесі қара қазандай науқастардың бірі Гүлмира. «Тұмаумен ауырып, дене қызуыңыз көтерілсе, дәрігерге дейінгі кабинетке баруыңызға болатын еді ғой» дегенімізде, әлгі Гүлмираның қасында отырған келіншек былай деді: «Менің таңертеңнен дене қызуым көтерілген соң, осында келіп едім. Маған да «талон бітіп қалды, кезекке тұрып көріңіз немесе дәрігерге дейінгі кабинетке барыңыз» деді тіркеу бөлімінде. Ойланбастан дәрігерге дейінгі кабинетке барғанымда, дене қызуымды түсіріп берді де, қайта терапевтке келуіме кеңес берді. Қолымда талоным болмаса да, қабылдауға кіріп қалармын деп отырмын». Оған қоса, талоны бар емделушілермен қатар, кезекте медициналық тексеруден өтуі тиіс тұрғындар да тұр екен. Медициналық тексеруден өтушілермен де әңгімелесудің сәті түсті. «Бірінші кезекте дәрігер қабылдауына кіру уақыты көрсетілген талондары бар адамдар қабылданады. Ал, бізге ондай талондар берілмейді. Сонда біз дәрігерге қашан кіреміз? Қайта-қайта жұмыстан сұранып, ерігіп жүрген жоқпыз ғой», - дейді олар ашуға булығып. Тағы бір таңқалдырғаны... Егер Сіз басқа дәрігерлердің қабылдауына барсаңыз, ал ол Сізді терапевт, невропатолог дәрігерлеріне жіберсе, тіркеу бөлімінен талон алуға мәжбүр боласыз. Әдеттегідей талон болмаса, Қайранкөлден келсеңіз де, кем дегенде екі-үш күннен кейін тағы келесіз. Емдеу мекемесінде кезек күтуден қажығанын айтып, шағымданған адамдар көп. Қайсыбірін айтайық... Тізбектей берсек, денсаулық сақтау саласында онсыз да күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелер баршылық.

Бір байқағанымыз, емханаға ем іздеп баратындарға қызмет көрсету мәселесін шешу мақсатында тиісті шаралар қолға алынғанмен, одан шыққан нәтиженің көңіл көншітпей тұрған жайы бар. Туындаған сауалдарымызға жауап іздеу мақсатында бас дәрігердің міндетін атқарушы Бекболат Уәлиевке бардық. Ол небір жаңашылдықтың халық игілігі үшін, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жасалатындығын алға тартты. Ал, емхана меңгерушісі Ермек Коржункеев түйткілдің түйінін тарқатуға, реттеуге уақыт қажет екендігін айтты. Бұл жүйе кезек мәселесін едәуір жеңілдететін де шығар. Қолында талоны бар адам дәрігердің қабылдауына кіретініне нық сеніммен келеді де, кезекте еш алаңсыз отыра береді. Алайда, «аш адам ұрысқақ, ауру адам тырысқақ» деген халық даналығын ескерген жөн сияқты.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика