Шаруашылықтың артықшылықтары мен ерекшеліктері

Новоильин ауылдық округінің жеке кәсіпкері шаруашылығын дамыту мақсатымен жаңа құрылғылар, сонымен қатар тұқымдас ірі қара мал мен жылқы сатып алды. Жаңашылдықтың артықшылықтарымен және ерекшеліктерімен танысу үшін келешегі зор Асқар Қалиевпен жүздестік. Сонымен...

Асқар ауылдағы егінмен айналысатын, мал өсіретін азаматтарға ісін өркендетуге берілетін ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы арнайы несие алды. Жалпы сомасы 45 млн теңгенің 10 млн теңгесі арнайы құрылғыларды сатып алуға беріліпті. Яғни, бұл ақша италияндық жабдық, неміс жемтаратқышын, сүтжібергіш, сүтсалқындатқышы, сауын құрылғыларын сатып алуға жұмсалды. Құрылғы өте қуатты, суытқыштың сыйымдылығы 2 мың литрлік, сондықтан бұзаулаған 10-15 сиырға бола оны пайдалану тиімді емес. Жоспар бойынша құрылғылар тамыз айында іске қосылады деп күтілуде.



Сонымен қатар, бірнеше ай бұрын шаруашылық симментал тұқымына жататын қашарлармен толыққан. Құрылғы пайдалануға берілмегендіктен, сауыншы сиырларды әзірше тасымалы сауу аппаратымен сауатын көрінеді. Он жылға жуық шаруашылықта еңбек етіп жүрген Людмила Корогоданың айтуынша, қазіргі таңда олардың барлығы да буаз, біртіндеп бұзаулауда. Бұл ет-сүтті тұқымның сиырлары байыпты, агрессияшыл емес және сүті мол, әрі майлы. «Жылына 3 мың литрге дейін сүт аламыз деп үміттенеміз. Бірақ, статистикаға сүйенсек, олар тәулігіне 30 литрге дейін беруі мүмкін. Денисов ауданында сатып алынған қара мал дауаланған. Сәуірде міндетті түрде көктемгі екпе жасалады», - дейді ол.



Сондай-ақ, Асқар Қалиев өзінің жеке қаражатына мұғалжар тұқымды жылқы сатып алған көрінеді. Оларды жергілікті жылқылармен будандастырып, өсіру мақсатымен алыпты. Себебі, мамандардың ойынша, жылқылардың қанын жаңартып отырған жөн. Бір-екі жылдан кейін кең көлемде қымыз бен соғым сатылуы мүмкін. Мұғалжар тұқымының жылқылары біздің жылқылармен салыстырғанда өте мықты, төзімді болып есептеледі. Оларды жыл бойы мал жайылымында бағуға болады. Ал, біздің жақтың жылқылары қалың қар түссе, қосымша күтімді қажет етеді.



Әңгіме барысында Асқар Қалиев қажетті құжаттарды дайындауда көмек көрсеткен Раиса Овчарова мен Валентина Олгаренкоға, әсіресе, шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетіп жүрген аудан әкімі Бақберген Өтеулинге шексіз алғысын білдіреді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика