«Сонда немен айналысасыздар?!»

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/16/ent-daut-raznos-nashim.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/16/ent-daut-raznos-nashim.jpg'

ent-daut-raznos-nashim.jpgҰлттық бірыңғай тестілеу (әрі қарай ҰБТ) балалардың білім деңгейін анықтау сынағы ғана емес, сонымен бірге, мектептердің білім беру сапасы дәрежесінің көрсеткіші екені де белгілі. ҰБТ тәртібінің енгізілгеніне біраз жыл болғанмен, Білім беру басқармасының мәлімдеуінше, ауданымыздың мектеп бітірушілерінің орташа балл көрсеткіші мен білім сапасы артпай келеді.

ҰБТ-ге дайындық мәселесі облыстық білім беру басқармасының өкілдерінің және аудан әкімінің орынбасары Дидар Акулов пен білім беру бөлімінің басшылығының, мектеп директорларының қатысуымен өткен отырыста қаралды. Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айгүл Алимбаеваның мәліметіне сүйенсек, «Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2014» қорытындысы бойынша былтырғы тестілеуге қатысқан мектеп бітірушілерінің орташа баллы 76,55 болды. Айта кету керек, бұл облыстық көрсеткіштен 3,39 баллға төмен. Айгүл Темірханқызы өткен жылғы ҰБТ-ді қорытындылай келе, білім ордаларының материалдық-техникалық базасына, мұғалімдер құрамына тоқталып, педагогтар мен қатысушылардың жетістіктерін жария етті. Оның айтуынша, ҰБТ-ге дайындықтағы ең негізгі мәселе - қадрлық құрылым. Биылғы оқу жылының мектеп түлектерін аталмыш тестілеуге 97 мұғалім дайындап жатқан көрінеді. «ҰБТ-ге сапалы дайындау үшін бар күш-жігерімізді салып жүрміз. Бірақ, өкінішке орай, жағдай жасалғанмен, нәтижелеріміз төмен», - деп қорытындылай келе, ең нашар мектептерді тізбектеп шықты.

«Егер сіздің ресурстық орталықтарыңыз ҰБТ-ге дайындық жұмысымен айналысып, қадрлық потенциалды дұрыс пайдалана білу керек. Түлектерді сапалы дайындамасаңыз, сонда немен айналысасыздар? Сіздер «материалдық базамыз нашар, кей мектептерде мүлдем спорт зал жоқ» дейсіз. Аталған мәселелер басқа аудандарда жоқ па? Оларды да дәл осы мәселелер мазалайды. Бірақ, басқа аудандардың басшылығы мен мектеп директорлары шешім таба біледі. Өйткені, олар басшының позициясымен медагогикалық ұжыммен де, ата-аналармен де жұмысын сауатты, әрі кәсіби жүйеге келтіреді. Түлектеріңіздің ҰБТ-ге қатысу пайызы төмен. Ал, сіз ата-аналармен жұмыс істей аласыз ба?! Ата-аналармен және оқушылармен тіл табысып, сөйлесе білу керек қой. Бұл сіздің педагогикалық дәрменсіздігіңізді көрсетеді», - деген білім беру бөлімінің басқармасының басшысының орынбасары Шолпан Байжанова басқа да толғандырған өзекті мәселелер бойынша әр мектептің директорынан қатал түрде жауап алды. Ашығын айтқанда, білім беру бөлімінің өздерін «ұтымды» жағынан көрсету мақсатымен барлық педагогикалық ұжымдарға бірдей топырақ шашуы ерсі көрінді. «Бес саусақ бірдей емес» екендігін ескеру керек. Жұрттың қателерін «шұқыламай», Шолпан Амантайқызының сөздеріне құлақ асып, қателермен жұмыс жасаған жөн. ҰБТ көрсеткіші мен білім сапасын арттыру бір адамның қолынан келмейді. «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» демекші, жүйелі түрде ұжымдасып жұмыс атқара білу керек.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика