Еркін нарықта «еркін» сауда

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/18/kolbasa-na-gare.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/18/kolbasa-na-gare.jpg'

kolbasa-na-gare.jpgБірнеше күн бұрын редакциямызға өнімдердің базардағы айналымына қатысты қоңырау шалынды. Назар аударсаңыздар, аудан орталығындағы және Тобыл кентіндегі базарлары мен көшелерінде азық-түлік сатып тұрғандар аз емес.

Мәселен, телефон шалушы аудан орталығындағы базарда балық сатылып тұрғанын көреді. Сөйтіп, әлгі балықты сатып алмақшы болған кісі сатушыдан балықты қай жақтан әкелгенін және сертификатын сұрайды. Сатушы балықтың қайдан әкелінгенін білмейтін болып шықты. Оған қоса, сатушы әйел сертификаттың тауар иесінде екендігіне сілтеме жасап, тиісті құжаттардың біреуін де көрсете алмады. Ашығын айтқанда, біз мұндай жағдайға бір емес, бірнеше мәрте тап болдық. Жергілікті базарда сақтау мерзімі көрсетілмеген, сақтау талаптарына сай келмейтін тауарлардың сатылуы әдетке айналғаны жасырын емес. Ашығын айтқанда, құзырлы органдар қажетті сақтандыру шаралары мен бақылау жұмыстарын жүргізсе, тауар иелері де, сатушылары да өз ісіне салғырттықпен қарамайтын еді демекпіз.

Заң бойынша әрбір тұтынушы сертификаттар мен санитарлық-эпидимиологиялық кітапшаларды талап етуге құқылы. Әрине, бұл қағиданы бәріміз де білеміз, бірақ сақтай бермейміз. Шыны керек, күнделікті өмірде тұрғындардың арнайы қағаздарды сұрауы екіталай. Демек, құқығымыздың бұзылуына өзіміз де жол береміз. Алайда, аталмыш жағдайда сатылып тұрған күмәнді балықтардың салдарынан түрлі жұқпалы ауруларға шалдықпасымызға кім кепіл? Құжатсыз болса да, бағасы төмен тағам түрлерін сатып алуға құштарлығымыз-ай...! Осы ретте, халқымыздың «еңбектенген бай - таңдағанын, еңбек етпеген кедей - қолына тигенін жейді» деген мақал-мәтелі ойға еріксіз түседі. Айтпақшы, базардан өнім сатып алмаңыз дегеннен аулақпыз. Алайда, дүкенде де, базарда да сертификатталмағанын былай қойғанда, сақтау мерзімі көрсетілмеген өнімдерді сатып аларда сақ болыңыздар...


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика