Күл-қоқыс, қалдықтан қайтіп құтыламыз?!

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/25/musor-v-parke-celinnikov.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/25/musor-v-parke-celinnikov.jpg'

musor-v-parke-celinnikov.jpgЖұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Қасиетті даласын, орман мен саябағын көзінің қарашығындай аялайтын халқымыз «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Әңгімеміз аудан орталығындағы «Тыңгер паркі» жайлы болмақ.

 

Жоғарыда данагөй қазақтың «ат аунаған жерде түк қалады» деген қанатты қағидасын еске түсірдік. Бұл аттың түгі де, қойдың қиы да, қысқасы, адамнан басқа сан мың тіршілік иесінің табиғатқа қалдыратын қалдықтары зиянсыз, қайта топырақ құнарын арттыратын тыңайтқыш деген сөз. Ал, адам баласының табиғатқа тастайтын қалдықтары Жер-ананың денесіне жабысқан мерездей, жылдар бойы табиғатқа жазылмас жара салатын дертпен тең. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде бес жүз жылға дейін, кәдімгі палиэтилен пакеттері екі жүз жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Консерві қалбырлары мен шыны сынықтары бір мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Өкінішке орай, осыны біле тұра кейбір жауапсыз жерлестеріміз ата-бабаларымыздың жылдар бойы күткен саябағын бірте-бірте күл-қоқыс алаңына айналдыруда.
Дана халқымыз «ел көзі – елу» деп бекерден-бекер айтпаған болар. Жұрттың сөзіне сүйенсек, тұрғындар әлгі саябаққа табиғат аясында демалуға баратын көрінеді. Ешкім де бұған қарсы емес. Тек ішкен суының бөтелкелерін және т.б. қалдықтарын сол жерге тастамай, арнайы қоқыс жәшіктеріне тастаса болады ғой. Шыны керек, ұрпақ мүддесін, жер қадірін ойлайды-ау деген осындай адамдардан көңіл қалды.
Ал, саябақты қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізіле ме? Мұндағы тәртіпті кім қадағалайды? Ауылдық округтің әкімі Азамат Қалақпасовтың мәлімдеуінше, белсенді қоғамшылдардың көмегімен екі мәрте саябақтың айналасынан бей-берекет тасталған қоқыстарды шығарып тазалауға қыруар күш жұмсалған. Алайда, бұл жұмыстар әлі жеткіліксіз болып отыр. Нақтырақ айтсақ, ішкі тәртіпті қадағалауы тиіс ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатаң қадағалауы болса, мұндай масқараны тоқтатуға әбден болар еді. Саябақтың болашағына алаңдаулы азаматтардың ойынша, аталмыш саябақта үнемі рейдтер жүргізілсе, қоршаған ортаны ластауға барынша үлесін қосып жүрген азаматтар сескенетін еді.Уақыт өте келе, басшылықтың жетекшілігімен бұл кемшіліктер келешекте қайталанбай, бір жүйеге келтіріледі деген сенімдеміз. Күл-қоқыс, қалдықтан құтылар басқа амал жоқ. Естеріңізге сала кетейік, ата-бабаларымыз кезінде саябақтарды асылындай аялауды атадан балаға мирас етіп қалдырған. Аудан орталығындағы «Тыңгер саябағы» күл-қоқыс қоймасы емес.

 


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика