Қоқыс иесі тазалыққа неге самарқау қарайды?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/30/musor_v_raicentre_kuda_smotrit_akim.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/30/musor_v_raicentre_kuda_smotrit_akim.jpg'

musor_v_raicentre_kuda_smotrit_akim.jpgАудан әкімі Бақберген Өтеулиннің тапсырмасына сәйкес ауданымызға қарасты барлық елді-мекендер мен аудан орталығының санитарлық тазалығын жақсартудың айлығы жарияланды. Осыған орай, редакциямыздың қызметкерлері де өзге де арнайы топтар секілді халық арасында тазалық және көркейту жұмыстарын жүргізу мақсатымен жоспар бойынша бекітілген көшелердің бірін аралап шықтық.

 

Аудан орталығындағы Советская көшесіндегі үй иелерімен кездесіп, тазалық шаралары туралы түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Тұрғындардың арасында осы мәселе төңірегінде арыз-шағымдарымен бөліскендер қатары аз болған жоқ. Жеке үйлердің маңайы мен көпқабатты үйлердің айналасында тазалық мүлдем сақталмайды деуге болмас. Ауласын таза ұстап, айналасын әсем гүлге бөлеп отырған тұрғындар да бар екен. Олардың тірлігі көпке үлгі.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» деген сөздерді әркім әрқалай ұғынатын секілді. Көпқабатты үйлердің маңын тазалау сол үйдің тұрғындарына жүктелетіні анық. Десек те, үй ауласының тазалығы бәріне ортақ екендігін ұқпайтын, не қолына сыпырғыш, тырма алып, тазалықты барынша ұстауға тырысатын көршілердің еңбегін аяқ асты қылатындар да бар көрінеді. «Жаман көршіден сүйенер таяғым артық» деген осыдан шыққан болар. Мәселен, үй-үйді аралағанымызда сын көтермейтін мынадай көрініске тап болдық. Көзіміз еріксіз Советская-Комсомольская қиылысындағы үйдің ауласындағы ағаш-тақтай үйіндісіне түсті. Сол үйдің тұрғындарынан сұрастыра келе, бейберекет жатқан бұл қоқыс Қуандық Қазкеев есімді азаматқа тиесілі екен. Ол балконында күрделі жөндеу жүргізіп, ретке келтіруді қолға алыпты. Солай-ақ болсын, бұл - әркімнің өз еркі. Бірақ, көпқабатты үйдің маңындағы тазалықтың бәріне ортақ мәселе екендігін ескеру керек қой. «Сіз тастаған ағаш-тақтайларыңызды қашан жинамақшысыз?» деген сауалымызға: «Жөндеу жұмыстарын аяқтаған соң, жинаймын», - деді қоқыстың иесі. Ол жөндеу бір аптадан кейін аяқтала ма, жоқ әлде бір айға созыла ма? Оны тек Қуандық мырза ғана біледі.
«Ауылына қарап, азаматын таны» деген қанатты сөз бар.Олай болса, әрбір саналы азамат өзіне-өзі сын тұрғысынан қарап, тұрған ортасына жауапкершілік пен жанашырлық таныта білуі керек деген ойдамыз.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенді алға тартып, әрбір тұрғын өзіндік үлесін қосар деген үміттеміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика