Асенкрит ауылы қандай әсер қалдырды?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/31/asenkritovka-vpe4atleniay.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/31/asenkritovka-vpe4atleniay.jpg'

asenkritovka-vpe4atleniay.jpgАудан әкімі Бақберген Өтеулин барлық тұрғындарды жұмылдыра отырып, абаттандыру бойынша жұмыстар атқаруды тапсырған болатын. Осы ретте, Асенкритов ауылдық округінде қандай жұмыс атқарылғанын білу мақсатымен аталмыш өңірге барып қайтқан едік. Алған әсеріміз жайлы толығырақ баяндасақ.

Тазалық бар жерде – береке бар. Байқауымызша, ауылдықтар көше тазалығына жоғары мән береді екен. Осыдан-ақ тұрғындар тарапынан шамалы да болса, үлес қосылып жатса, берекелі елдің нышанын көрсететіндігіне көз жеткізесің. Ауылдық әкімдіктің мамандарының айтуынша, ауылдық округ бойынша айнала тазалығы үшін мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар бір кісідей білек сыбана кірісіп, жұмыс атқаратын көрінеді. Апта сайын олар қолдарына тырма мен күрек алып, маңайларды тазартады. Асенкритов және Николаев елді-мекендеріндегі екі қоғамдық қызметкердің ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны, әр тұрғынның осы бағыттағы шарадан шеткері қалмайтынын аңғаруға болады. Көше бойында да, бірде-бір үйдің ауласында да шашылып жатқан қоқыс көрмейсіз. Асенкритов ауылында өткізілетін сенбілікте белсенділік пен ұйымшылдық танытатын «Майлин» ЖШС-нің арнайы құрылған бригадасын ерекше атап өткіміз келеді.
Өздерінің азаматтық белсенділіктері мен патриоттылықтарын Николаев ауылының тұрғындары да танытатынға ұқсайды. Мұнда да ауыл іші тап-таза. Міне, осындай бастамаларды атап өткен жөн деп есептейміз. Себебі, ол өзге ауылдық округтерге үлгі боларлықтай іс десек артық айтпаспыз. Тек бір өкініштісі, ауыл-ауылдың ішін аралағанымызда біздің назарымызға Асенкритов ауылының кіреберісіндегі аялдама түсті. Үлкені де, кішісі де аялдайтын аялдаманың іші сыпырылғанмен, қабырғаларының біраз уақыт ақталмағаны байқалып тұр. Жергілікті әкімдіктің мамандары: «тамыз айында құрылыс материалдарын сатып алып, аялдаманың ішін ақтауды жоспарлап отырмыз» деді.
Жалпы, жергілікті тұрғындардың ауыл ішін тап-тұйнақтай етіп, тазалықты сақтап, ауылды абаттандыруға өз үлестерін қосып отырғандығы қуантты, жақсы әсер қалдырды. Бұл, әрине, елді-мекеннің ертеңін ойлағандық, болашағы бұлыңғыр демей, кемел келешегіне кәміл сенгендік. Олай болса, Асенкритов ауылдық округінің тұрғындары үшін ең керегі – тазалық, олар «тазалық табалдырықтан басталады» деген қағиданы қатты ұстанған. Солай болып қалады деген үміттеміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика