Мектеп шатыры қашан жөнделеді?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/31/krysha-v-asenkrit-skhole.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/31/krysha-v-asenkrit-skhole.jpg'

krysha-v-asenkrit-skhole.jpgОқу жылына дайындық басталып та кетті. Қазіргі таңда мектептердің жөндеу жұмыстары қарқын алуда, білім ошақтары жаңаша кейіпке енуде. Негізі қоңырау сыңғырына дейін қызу дайындық аяқталуы тиіс. Осы ретте, біз жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептердің біріне барып қайттық.

Асенкритов орта мектебінде биыл косметикалық жөндеу жүргізілуде. Бүгінге дейін кабинеттерде жапсырулы болған тұсқағаздар жұлынып, қабырғалар ақталыпты. Сырлау жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Бірнеше күннен кейін перделер де ілініп, жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Бірақ, шатырды жөндеу мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Аталмыш мәселе 2008 жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін туындаған көрінеді. Мәселен, шатырдың кей жерлерінде пайда болған жарықтың кесірінен ғимараттың қабырғалары суланып, сыз тартып тұрған. Белгілі бір себептерге байланысты ұжымды да, ата-аналар қауымын да толғандырған шатыр қалпына келтірілмегендіктен, қабырғалар қарайған, сылақтар қопарылып, линолеумдер ісініп кеткен.
Мектеп директоры Марат Баяковтың сөзіне сүйенсек, шатырды жөндеу жұмыстары тамыз айының басында басталады. Қажетті қаражаттың жоқтығынан, демеушілердің көмегіне жүгінуге тура келеді. Әзірше, олармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Шатырдың жарым-жартылай бөлігін қалпына келтіріп, құрылыс материалдарын сатып алу үшін шамамен сегіз жүз мыңдай ақша керек екен. Оқу жылының басталуына дейін оқушылардың білім алуына жайлы жағдай жасалады деген сенім білдіреміз. Айтпақшы, тұрғындардың айтуынша, мектеп албармен қоршалмағандықтан, гүлге оранған, тазартылған аулаға бейсауыт малдар кіріп кететін көрінеді. Бұл мәселе де бірнеше жылға созылмай, уақытылы шешілер деген үміттеміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика