Онкологиялық аурулар алқымнан алып тұр

Ауданымызда жеті айдың ішінде онкологиялық аурулардың көрсеткіші артыпты. Жыл басынан бері анықталған 54 оқиға тіркелді – бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 14 оқиғаға артық.
Бүгінгі таңда медицина саласы қарыштап дамып келеді. Әлемде қаншама арнайы аппаратуралар шығарылып, адамзат баласы техниканың арқасында күрделі ота жасатып, өмір сүруде. Алайда, өкінішке орай, кейбір сырқаттың нақты емі әлі күнге дейін табылған жоқ. Соның бірі – қатерлі ісік. Мамандардың есептеулеріне қарағанда, елімізде жыл сайын осы дертке ұшыраған отыз мыңдай адам анықталады.

Сондықтан, өзекті мәселеге Елбасы да халыққа Жолдауында тоқталып, «ендігі жерде онкологиядан болатын ауру мен өлімді төмендету мәселесі бірінші кезекке шықпақ» деген болатын.
Атам қазақ «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп дәл айтқан-ау... Негізі әр адам жылына кем дегенде бір рет денсаулығын тексеруден өткізіп тұрғаны абзал. Естеріңізге сала кетейік, скрининг барысында қатерлі ісік ауруларынан басқа қатерсіз ісіктер және обырға апаруы мүмкін аурулар анықталады. Сондықтан, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауда барынша тиімді әдіс болып табылатын скринингтік медициналық тексерістерден өтуден бас тартпаңыз. Аудандық орталық аурухананың онколог дәрігері Николай Лебедевтің мәлімдеуінше, ауданымыз бойынша онкологиялық аурулардың ішінде ең көп өкпе ісігі, тері және сүт бездері қатерлі ісіктері тараған. Тері қатерлі ісігінің 97 пайызы емделсе, қалғандарының емделуі сырқат сатысына байланысты екен. Шыны керек, жерлестеріміздің көбісі онкологиялық аурулар кен өндірісімен айналысатын кәсіпорындар қызметінің кесірінен орын алуда деп есептейді. «Онкологиялық аурулар жақын арада орналасқан кәсіпорындардың кесірінен пайда болуда деп тап басып айтуға болмас, себебі ол дәлелденбеген пікір. Аталмыш сырқаттың себепкері – экология, қазір екінің бірінің жеке көлігі бар. Яғни, пайдаланылған газдың зардабынан және тұқымқуалаушылықтан болады», - дейді Николай Владимирович. Маманның сөзіне қарағанда, әңгімеміздің арқауы болған ауру Тобыл ауылында, Әйет өзенінің бойында орналасқан елді-мекендерде кең тараған көрінеді. Сондай-ақ,ауданымыздағы бүгінгі статистикаға сүйенсек, қатерлі ісік ауруы жасармаған, сөз етіп отырған аурумен негізінен 50-ден асқан әйелдер мен ерлер ауырады екен.
Түптеп келгенде, онкологиялық аурулармен жолымыз түйіспес үшін тегін скринингтік тексеруден өткеніміз жөн. Алтын уақытыңызды бөліп, денсаулығыңызға уақытылы мән берсеңіз, сіздің тоныңызды ешкім шешіп алмайды ғой. Небір сырқаттың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанудың да маңызды екендігін жадымыздан шығармайық.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика