Мектеп формасы міндет пе?

Білуімізше, елордалық мектептерде бірыңғай форма кию дәстүрге айналған. Ал, ауданымыз бойынша мектеп формасына қатысты талап күшейтілген бе? Білім ордаларының әкімшілігі мен ата-аналар қауымы форманы киюді міндеттеу үшін мектеп ережелеріне өзгерістер енгізуге қалай қарайды?

 

Аудандық білім беру бөлімінің маманының айтуынша, олар барлығына бірдей мектеп формасын киюді ешкім міндеттей алмайды. Егер де мектеп ұжымы педагогтар кеңесінде немесе ата-аналар жиналысында бірыңғай формаға көшу туралы шешім қабылдаса, мектеп жарғысына өзгерістер енгізіледі екен. Б.Майлин атындағы орта мектептің директорының міндетін уақытша атқарушы Олжас Мұханбетжанов: «2-3 жылдан бері біздің мектебіміздің оқушылары үшін бірыңғай форма қарастырылған. Қыз балалар сабаққа қара көйлек пен ақ-қара фартукпен келсе, ұлдарымыз қара костюм, шалбар және ақ көйлек киіп келеді. Ал, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларының басым бөлігі ақ жейде мен қара юбка (қыздар), қара шалбар мен ақ көйлек (ұлдар) киіп жүреді», - дейді. №116 Тобыл орта мектебінің директорының уақытша міндетін атқарушы Галина Кучеренконың мәлімдеуінше, биылғы оқу жылы аталмыш мектептің бұйрығы бойынша бірыңғай мектеп формасы енгізілетін болады. Бастауыш сынып оқушылары мектеп формасына, орта және жоғары буын оқушылары классикалық киім үлгісіне көшетін болады деп күтілуде. Әзірше, ата-аналар қауымының біреуі де енгізілген жаңа өзгеріске қатысты қарсыластық танытпапты.
Ал, мектеп оқушысын жаңа оқу жылына дайындауға қанша қаражат керек? Alau.kz тілшілерінің ақпаратына сүйенсек, орта есеппен алғанда оқушы қызды киіндіру үшін 12000-14000 мың теңге, ұлдарға қажетті мектеп киімін алу үшін 15000-19000 мың теңге ақша жұмсауға тура келетін көрінеді. Мектеп әкімшілігі оқушыларды біркелкі мектеп формасын киюге мәжбүрлемесе де, емін-еркін киім кимегені абзал.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика