Құрылысшы еңбегі құрметке лайық

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/34/stroitel-flora.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/34/stroitel-flora.jpg'

stroitel-flora.jpgТамыз айының екінші жексенбісінде елімізде құрылысшылардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Біздің ауданымызда аталмыш мереке ауқымды аталып өтпесе де, біз бүгінде аса үлкен сұранысқа ие құрылысшыларды назардан тыс қалдырмаймыз.

Құрылысшылардың еңбек іздері мыңдаған тұрғын үйлер мен түрлі қызмет көрсету ғимараттарында, мыңдаған мектептер мен балабақша, ауруханалар мен емханаларда, мыңдаған шақырым жолдар мен су құбырларында т.б. сайрап жатыр. Құрылысшы мамандығы - елімізде ең қажетті де, құрметті мамандық. Олардың қажырлы еңбектері әрқашан да құрметтеуге лайық десек артық айтпаспыз. Өз ісін жетік білетін құрылысшылардың еңбегінің арқасында ауданымыздағы нысандардың келбеті жақсаруда. Осы ретте, аудан орталығындағы «Флора» дүкені жайлы сөз қозғамақпыз.
Дәл осы дүкенде бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, сол жаққа бет бұрдық.
Дүкен иесі Видади Тахмазов құрылысшылар ұжымының бригадирі болып шықты. Видади мамандығы бойынша құрылысшы екен. «Мен әскердегі борышымды өтеп келгеннен кейін, өзімнің қалауым бойынша Қостанай қаласындағы құрылыс техникумына оқуға түстім. 1992 жылы құрылысшы мамандығының иесі атанып, осы ауданға қоныс аудардым. Асенкритов, Николаев ауылдарында бригадамды құрып, тұрғын үйлердің бой көтеруіне үлесімді қостым. Бір жылдан соң жеке ісіммен айналыса бастадым. Міне, осы күнге дейін кәсіпкерліктің арқасында табыс тауып жүрмін», - дейді ол.
Айтып өткеніміздей, Видади Тахмазов осыдан екі апта бұрын дүкенінің сыртқы келбетін әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті. Алла жазса, осынау ауқымды жұмыс ағымдағы айдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Басты кейіпкеріміздің айтуынша, бұрынғы кездері құрылысшылар қарапайым балта, ара секілді құрал-саймандармен жұмыс істесе, қазір заманауи құрал-саймандардың түр-түрі бар. Елімізде құрылыс жұмысын әртүрлі материалдармен қамтамасыз ететін зауыттардың қатары жылдан-жылға көбейіп барады. Олардың басым бөлігінің электрлік немесе автоматты болғандықтан, бұл құрылысшылардың жұмысын едәуір жеңілдетеді. «Өкінішке орай, қолданысқа ие әдемі, жеңіл, ыңғайлы материалдардың сапасы төмен» дейді Видади.
Кезінде құрылысшы мамандығын таңдаған алғыр да, әрекетшіл, талапты да, іскер Видади Тахмазов мердігерлер мен осы сала тізгінін ұстап жүрген мамандарды кәсіби мерекемен құттықтап, сәттілік пен табыстар тілейді. Қиындығы басым, жұмыр білекті кәсіп иелерінің еңбегінің әрқашан бағалануына тілектеспіз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика